Мәскеуде өткен олимпиада

26 мая, 2022

13 мамырда Мәскеуде Экономикалық ілімдер тарихы бойынша 7-ші Халықаралық олимпиаданың финалы өтті, олимпиадаға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЭжБЖМ “Экономика” мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Топ жетекшісі - «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Даулиева Ғ.Р. Олимпиаданың ұйымдастырушысы - Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті. Халықаралық пәндік олимпиаданың финалына 12 ЖОО командалары қатысты. Солардың қатарында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Экономика жоғары мектебі, Қаржы университеті және Мәскеу ауылшаруашылық институты сияқты ресейлік жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ Беларусь, Абхазия, Оңтүстік Осетия және Қазақстан студенттері қатысты. Қазылар алқасында Р. М. Нуреев, Я.С. Ядгаров және т.б. танымал профессорлар мен экономистер болды. ҚазҰУ студенттерінің командасы халықаралық олимпиада финалистерінің кубогы және дипломымен марапатталды.