"Президент және халық" Республикалық қоғамдық-саяси газет

10 ноября, 2011

2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке – бұл Тә­­уел­­сіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл – Тәуелсіз еліміздің та­­­ри­хын­дағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Ел­ба­­сы­мыз­дың тә­уелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі ны­ғай­туға жә­­не елі­міздің болашақта дамуын қамтамасыз ету­ге ба­ғыт­тал­­ған «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тә­уел­сіз­ді­гі­нің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» жар­лы­ғына сәй­­кес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы тә­уел­сіз­дігінің жы­­лы деп жарияланды.

«Тәуелсіздік – бұл болашақ ұр­пақтарға қалдыру үшін көздің қа­рашығындай сақтайтын жә­не нығайтатын біздің басты игі­лігіміз. Еліміз өзінің да­муы­ның 20 жылы ішінде қол жеткізгеннің барлығы Тә­уелсіздіктің арқасында кел­ді және біз оны ешқашан ұмыт­пау­ға тиіспіз. Бұл – өткендегі же­тістіктеріміз туралы ай­ту­ға ғана емес, бұл ертеңгі күн­ге сеніммен қарауымызға се­беп» деп Елбасымыз атап көр­сеткендей осы бір тарихи ке­зеңнің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екен­дігі баршамызға аян. Ата-ба­баларымыздың ғасырлар бо­йы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел бол­ға­нымызға, еліміздің дербес мем­лекет ретінде тұғырын тік­те­геніне міне, биыл 20 жыл тол­ды. 20 жыл уақыт өлшемімен са­лыстырғанда қас-қағым уақыт де­сек те, Егемендігіміздің ір­ге­тасын бекітуге себеп болған же­тістіктеріміз ауыз толтырып ай­тарлықтай.

Осы жиырма жыл ішінде елі­міз еңселі мемлекет болып қа­лыптаса алды. Әлемнің ал­дың­ғы қатарлы елдерімен иық те­ңестіретін дәрежеге жеттік. Біз қол­да тұрған ядролық қарудан бас тарттық, сол арқылы әлем ел­деріне, әсіресе, азулы алпауыт дер­жаваларға үлгі-өнеге көр­сет­тік. 2010 жылы ТМД мен Азия елдері арасында тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік жә­не ынтымақтастық ұйымына же­текшілік еттік. Биылғы жы­лы Ислам Конференциясы Ұйы­мына төрағалық еттік, 7-қыс­қы Азиада ойындарын өт­кіздік. Бұл да еліміздің әлем­дік аренадағы абыройын, мәр­тебе беделін танытады деп ойлаймын. Тәуелсіздік біз­ге көктен түсе салған жоқ. Тә­уел­сіз ел болуды армандаған ата-бабаларымыздың, осы жол­да құрбан болған талай тар­лан­да­рымыздың қанымен келді. Қа­зір­гі Қазақстан халқы, әсіресе жас­тарымыз Тәуелсіздікті толық се­зіне ала ма?, – деген сұрақ қоя­тын болсақ, жастарымызға «Еге­менді ел болу», «елін, же­рін сүю», «Тәуелсіздік» деген ұғым­дарды бойына сіңіру – ол аға буынның міндеті, борышы. «Тәр­бие бесіктен басталады» дей­ді халық. Тәрбиенің ең бас­ты­сы: Отбасы – Отанды сүюге, адам­гершілікті, еңбекқор бо­лу­ға, өз Отанына, халқына адал қыз­мет етуге, сонымен бірге қа­зақтың әрбір ұл-қызына өз хал­қының тегін, тарихын білуге үй­рету.

Еліміз осы атаулы мерекені жан-жақты мерекелелік іс-ша­ралармен атап өтуде. Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университеті де Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­ды­ғына өз үлестерін қосуда. Осы­дан 20 жыл бұрын дүниеге кел­ген сәбилер, бүгінде тәуелсіз мем­ле­кет­тің құрдастары деп айтса да бо­лады. Осы жастарға елдігіміз, ер­лігіміз жайлы, Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты күш-жі­гер жұмсалғаны, еліміздің та­рихында мәңгілікке аттары қал­ған, өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ұлт-азат­тық көтеріліске шығып, то­та­литарлық жүйенің темір құр­са­уын сетінеткен қазақ жастары жай­лы, еліміз Егемендік алған жыл­дардан кейін жеткен же­тіс­тіктеріміз туралы тағылым бе­руді мақсат еткен үлкен іс-ша­ра қазанның 21-інде әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ-дың ха­лықаралық қатынастар фа­культетінде өтті. Бұл «Қа­зақс­тан Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы» атты тақырыппен өткен іс-шараны университеттің ха­лықаралық қатынастар, шы­ғыстану факультетінің оқы­ту­шы­лары, студенттері бірлесе ұйым­дастырып өткізді. Уни­вер­ситетіміздің негізгі бағыты — сту­дент­терімізге заман талабына сай сапалы білім беру, оларды өмір­ге баулу, сонымен қатар жас ұр­­пақты мәдениетті, ұлтжанды, пат­­риоттық рух пен Отанға қыз­­мет ету барысында рухани дү­ниесі бай азамат ретінде тәр­бие­леп шығару. Отанымызды сү­йіп, аялау үшін еліміздің, туған же­ріміздің тарихын, өткені мен бү­гіні жайлы жақсы білуіміз ке­рек. Осы бағытты ұстанған уни­верситет оқытушылары бұл іс-шараны ұйымдастыру ба­рысында студенттерге пат­риот­тық сезімді бойларына сі­ңі­ру мақсатын көздеді. Іс-шара ба­рысында Қазақстанның тә­уел­сіздікке жету жолында ба­сы­нан кешкен қиындықтары, ел болып іргесін көтергеннен ке­йін жеткен жетістіктері жайлы фильм­дер көрсетіліп, 1-2-курс сту­денттері оқытушылардың же­тек­шілігімен өздерінің дайындап кел­ген баяндамаларын оқып, түр­лі презентацияларын кеш қо­нақ­тарына көрсетті. Әсіресе, ха­лықаралық қатынастар ма­ман­дығының 2-курс студенті Са­ғымбаев Серіктің «Қазақтың те­гі, қашаннан бері жұрт болғаны ту­ралы» мақаласындағы түрлі ғұ­ламалар мен ғалымдардың ең­бектерінен алынған «Қазақ Х ғасырдың ар жағында көп за­ман­нан бұрын өзінің хандары бо­лып, өзін-өзі билеген, ежелден қа­зақ атанған түрік жұртының бір тарауы екендігі, қазақ ХІІ ға­сырдың аяғында әртүрлі түр­кі руларымен қосылып, кө­бе­йіп, тағы да бөлек жұрт болып, сы­­байлас жұрттардың көбімен со­ғы­сып, бірде жеңе, бірде жеңіле ке­ліп, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Ре­сей­­ге бағынғаннан кейін еркінен айы­­рылған жұрт екендігі» жайлы, жә­­не т.б көптеген тамаша ой-пі­кір­лері көпшіліктің көңілінен шық­ты. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыз дүниеге келіп, кіндік кес­кен жері.

Бұл жер ғасырлар қойнауында та­лай-талай ұлыстар мен ұла­ғат­тар­ды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, XX ға­сыр­дың қиын-қыстау кезеңдерін бас­тан кешіп, өзінің болмысын, бай мә­дениетін, ғасырлар қойнауында қа­лыптасқан салт-дәстүрін, та­ри­хын әлем халықтарының алдына жа­йып салып, бүгінде дамудың даң­ғыл жолына түскен Қазақстан хал­қының жері, Отаны.

Халықаралық қатынастар фа­­куль­теті, халықаралық қа­ты­нас ма­мандығының 2-курс сту­денттері Ақ­жарқын Сейтбек, Зей­непбүбі Сужекова «Бүгінгі Қа­зақстанның әлемдік аренадағы рө­лі» туралы баяндамаларын оқып, жиырма жыл ішінде Қа­зақс­тан­ның қол жеткізген жетістіктері, еге­мендік алған жылдар ішінде әлем­дік қауымдастықтың ық­пал­ды мүшесі болып табылатын мем­лекеттің құрылғандығы, Қа­зақстанның дүниежүзілік сая­сат­та, экономикада өз орны бар елге ай­налғандығы және бай рухани қа­зынасын әлемдік өркениетпен ұлас­тыру бағытында жасалынып жат­қан жұмыстары жайында бейнепрезентациялар көрсетті. «Шығыстану» факультетінің 1-курс студенті Перизат Саменова қа­зақтың қара домбырасымен та­маша термелер орындап, көп­­шіліктің қошеметіне ие бол­ды. Бұл іс-шара уни­вер­си­тет оқытушыларының, сту­дент­терінің егемендігіміздің 20 жылдығына қосқан аз да болса үлесі деп айтуға бо­ла­ды. Өйткені, әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­си­теті қабырғасында өтетін іс-шаралардың мақсаты – сту­дент­тер­ге Тәуелсіздігіміздің тірегі бо­луы үшін еліміздің болашақ өмі­ріне, сан мамандықты иге­ре­тін мамандық иелері болуға бау­литын саналы өмірлерімен, үл­гілі тәртібімен, сапалы бі­лі­мімен, жақсы қасиеттерімен үлес қоса алатындықтарын тү­сіндіру, жеткізу. Егер жас­та­ры­мыз әр салада еңбек ететін ең­бекқор, білімге құштар, спорт­ты сүйетін, саламатты өмір сал­тын сақтайтын, дені сау ұрпақ өсі­ретін, рухани жағынан бай ба­қытты жастар қатарында бол­са, Қазақстан елінің тұғыры мық­­ты мемлекетке айналары хақ. Өткенге салауат айтып, ата-бабаның мирас еткен тә­лім-өнегесін өскелең ұрпақ тәр­бие­сінде басшылыққа ала­тын бол­сақ, жастарымызға бі­лім бе­румен қатар, рухани жақ­тан тәрбиелеп, рухани құн­ды­лық­тар­ды бойына сіңіре ала­мыз.

Бұл біздің басты міндетіміз, бо­рышымыз.

А.Қ ҒАБАСОВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті

дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы.