Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның 20-жылдық мерейтойы елімізде кең көлемде аталып өтуде. Солардың біріде бірегейі жақында өткен (17-18 қазан 2011 ж) қалалық студенттердің әскери-патриоттық «VIVAT, Қазақстан!» әндер байқауы болатын.
Аталған фестивальге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер клубының жанындағы «Бақыт» би ансамблі –(жетекшісі Есмухамбетова Бақыт), «Вокал және эстрада» - үйірмесінің әншілері (жетекшісі Айниязова Алтын), хор үйірмесі (жетекшісі – Құрманғазиева Саида), «Біз» театрының (жетекшісі – Сайлаубаев Ғалымжан) студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
• «Әскери-патриоттық әндер» аталымы бойынша – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығармашылық ұжымы композициялық көрінісі «Арнайы сыйлыққа» ие болды.
• «Авторлық ән» номинациясы бойынша – биология факультетінің 3-курс студенті Әйтімова Дана «Біз – Отанның ұланымыз!» атты әнімен 1- орынды жеңіп алды.
• «Отан туралы ән» номинациясы бойынша – Студенттік «Қайнар» квартеті (Досқан Жалниязов - георафия факультетінің 3-курс студенті, Талғат Айбосынов - жоғары экономика және бизнес мектебінің 3-курс студенті, Сұлтанбек Тұрғанбекұлы – химия факультетінің 2-курс студенті, Ерман Бердалы – тарих факультетінің 2-курс студенті) «Жаса, Қазақстан!» әнімен 2-орынды жеңіп алды.
Дәл осы аталымда Әсет Арыстанбек – механика-математика факультетінің 2-курс студенті «Елім, елім-ай!» әнін орындап 3-орынды жеңіп алды.
Халқымызда «Өнер - ағып жатқан бұлақ, білім - жанып тұрған шырақ» деген аталы сөз бар. Білім ала жүріп өнерде белсенділік танытып жүрген жастарға тек алдағы уақытта да сәттіліктер тілейміз.