- Басты бет
 - Жастар ұйымдары
 - ТДМ-4: Студенттеріміз «Дәстүр керуені» атты ұлттық ойындар сайсын тамашалады
 
ТДМ-4: Студенттеріміз «Дәстүр керуені» атты ұлттық ойындар сайсын тамашалады
                        20 қазан, 2024                    
                
                Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 20 қазан күні Алматы орталық мешітінің өкілдерінің ұйымдастыруымен Алматы иподромында «Дәстүр керуені» атты ұлттық ойындардан сайыс өткізілді. Ата-бабадан мұра болған салт-дәстүрімізді бүгінгі қоғамдағы адамдар арасында кең түрде насихаттау – аталған шараның басты мақсаты болды.
Оқу ордамыздың студенттері осы «Дәстүр керуені» атты ұлттық ойындар сайысын тамашалап, ондағы сайыстарға қатысып бақтарын сынап көрді. Шара барысында көкпар, қазақша күрес, қол күрес, гір тасын көтеру, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорттық ойындардан сайыс өтті. Сондай-ақ шарада ұлттық бұйымдар мен әртүрлі өнімдердің көрмесі болды.
Басқа жаңалықтар
                                
                                    2 қараша, 2025                                
                            
                                
                                    26 қазан, 2025                                
                            
                                
                                    25 қазан, 2025