ТДМ-4: Студенттеріміз «Дәстүр керуені» атты ұлттық ойындар сайсын тамашалады

20 қазан, 2024

Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 20 қазан күні Алматы орталық мешітінің өкілдерінің ұйымдастыруымен Алматы иподромында «Дәстүр керуені» атты ұлттық ойындардан сайыс өткізілді. Ата-бабадан мұра болған салт-дәстүрімізді бүгінгі қоғамдағы адамдар арасында кең түрде насихаттау – аталған шараның басты мақсаты болды.

Оқу ордамыздың студенттері осы «Дәстүр керуені» атты ұлттық ойындар сайысын тамашалап, ондағы сайыстарға қатысып бақтарын сынап көрді. Шара барысында көкпар, қазақша күрес, қол күрес, гір тасын көтеру, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорттық ойындардан сайыс өтті.  Сондай-ақ шарада ұлттық бұйымдар мен әртүрлі өнімдердің көрмесі болды.