
29.10.2024 ж. сағ.15.00, 2-оқу залы. Экономика және бизнес Жоғары мектебінде, Тұрақты даму мақсаттары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің басқарма төрағасы - Ректордың кеңесшісі Э.ғ.д. профессор Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы мырзамен Факультеттің оқытушылары, студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында дәріс өтті.
Іс шараның мақсаты - студент жастар арасында сыбайлас жемқорлықты алдын алу оған қарсы сананы және мәдениетті қалыптастыру болып табылды.
Бұл ретте дәріскер Серікбай Өрікбайұлы «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» қабылданған заңдар мен заң мәтініндегі ұғымдарды түсіндірді. Сонымен қатар, Әлемдік және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің мемлекеттік саясаты және стратегиясының өткені мен бүгінгі ақуалындағы тәжірибелік –деректік талдауларын көрсетті.
Университетте сыбайлас жемқорлықты алдын алу әрекетін іске асырудағы кешенді ақпараттық, техникалық-ұйымдастырушылық, әлеуметтік тәсілдерінің деңгейін, мән-мазмұнын таратып жеткізді. Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жалпы адамзаттық әдеп құндылықтарын қасиетті ұлттық төл-әдеп құндылықтарымызбен сабақтастырып айтқаны студенттер үшін ерекше әсер қалдырды.
Қорытындысында сөз алған Факультеттің оқытушысы, аға кураторы Ілияс Оңғарұлы бүгінгі іс-шараның өзекті мәселесін жастар, студенттер болып назарға алатынын, жемқорлықпен күресте азаматтық, әділдік позицияларын көрсететінін жеткізіп, дәріскер қонағымыз Ректор кеңесшісі Э.ғ.д. профессор Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлына қатысушылар атынан алғысын айтты.
Басқа жаңалықтар

