ҚазҰУ докторанттары өңірлік тіл форумында баяндама жасадыFarabi University

ҚазҰУ докторанттары өңірлік тіл форумында баяндама жасады

1 қараша, 2024

2024 жылдың 23 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және Жоғары бизнес мектебінің докторанттары Жиенбаев Ерұлан Әсентайұлы пен Жиенбаева Патыма Нұрсұлтанқызы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің өңірлік тіл форумына шақырылып, баяндама жасап, мастер-класс сабақтарын өткізді. Форумның мақсаты – мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың педагогикалық шеберлігін арттыру. Форумда арнайы шақырылған қазақ тілі мен оның оқыту әдістемесі саласындағы белгілі ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісті. Форум СДУ университетінің базасында, Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасы, Білім басқармасы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Форум аясында Oxford Qazaq Dictionary сөздігі таныстырылды."