ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН БЕС ТІЛДЕ ЖАҢА МОБИЛЬДІ ОНЛАЙН КУРС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫFarabi University

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН БЕС ТІЛДЕ ЖАҢА МОБИЛЬДІ ОНЛАЙН КУРС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 желтоқсан, 2024

Практикалық бағытталған  «Өңір – Орта Азия: көші-қон мәселелері бойынша журналистік білім беру» жобасын  2023-2024 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының жұмыс тобы Коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасының аясында орындады. Курс SC Training (EdApp)  мобильдік қосымшасында әзірленді әрі Орта Азиядағы журналистік білім беру «МедиаТДМ платформасын»  дамытып, цифрлық кешенін күшейтуге бағытталған.

Студенттерді оқытуға және журналистердің біліктілігін арттыруға арналған жаңа әзірлеменің мақсаты ойын және ситуациялық тапсырмалары бар мобильді Жаппай ашық онлайн курстар (ЖАОК) құру болды. Курс ЮНЕСКО-ның журналистік  білім беру сериясының «Мигранттар мен босқындар туралы репортаждар. Журналистика оқытушыларына арналған нұсқаулық» оқу құралына негізделген және тегін. Халықаралық нұсқаулар мен стандарттардан тыс онлайн-курста жергілікті кейстер мол қамтылған. ЖАОК соңғы жылдары ресми және бейресми білім беруге белсенді түрде енгізілді және ыңғайлы түрде ұсынылған бейімделген материалдар негізінде ағымдағы академиялық пәндерді еркін оқуға мүмкіндік береді.

Жобаның жұмыс тобы филология ғылымдарының докторы Н.Т. Шыңғысованың жетекшілігімен орындаушылар филология ғылымдарының кандитаттары Е.И. Дудинова, А.В. Рожков, М.Негізбаева, PhD А.И. Скрипникова көлемді материалдарды интерактивті режимде кез келген мобильдік қондырғыдан  жаңа білімді меңгеруге мүмкіндік беретін шағын электронды курсқа біріктірді.

«Өңір – Орта Азия: көші-қон мәселелері бойынша журналистік білім беру» Жаппай ашық онлайн курсы Орта Азиядағы 40-тан астам жоғары оқу орындарының, БАҚ редакцияларының және көші-қон саласындағы қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, бастапқы валидациядан өтті. Жобаның мазмұны мен әдістемесін талқылау барысында мақалалар мен репортаждардағы көші-қонның жеке және жаппай көрсетілуін ажырату, статистикалық және цифрлық деректерді тексеру, көшіп-қонушының имиджін жынысы, жасы, қозғалыс мотивтері және онымен байланысты жарақаттар сияқты маңызды факторларды ескере отырып қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, жобаның индикаторларын талқылауға қатысушылар мысалдар мен тапсырмалардың дерекқорын қалыптастыру үшін ресурстарды локализациялауды, сондай-ақ олардың орындалуының сапасын бақылауды бірыңғай рейтинг арқылы (бір тапсырма үшін бір жұлдыз) біріктіруді ұсынды.

Шығармашылық талқылау барысында білім алушыларға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсету және кері байланыс орнату мақсатында курстың анимациялық кейіпкерлері – журналистика факультетінің түлектері Дана мен Әмірді қосу креативті концепциясы қалыптасты.

Виртуалды кейіпкерлер ұсынылған материалдарды меңгеруге белсене қатысады, әр сабақтың негізінде шығармашылықта көші-қонды қамту бойынша ұсыныстарды қолданады және қатысушыларды өз ойын білдіруге ғана емес, сонымен қатар жарияланымдардың кейіпкерлерін құрметтеуге ынталандырады. Цифрлық еріктілер Дана мен Әмір жастардың белсенділігін арттыру үшін білім беру курсына енгізілген.

Курс кіріспе, сегіз сабақ және қорытынды арқылы ыңғайлы навигация арқылы құрылымдалған, бағаланатын тапсырмалардан, ойындардан, фотосуреттермен, видеолармен, сызбалармен, графиктермен безендірілген, сілтемелермен қамтамасыз етілген және аймақтық ерекшеліктерді ескеріп, мүмкіндігінше жинақы түрде ұсынылған.

          Курс бағдарламасы толығымен сынақтан өтті және тест сарапшыларының оң пікірлеріне ие болды.

   Курстың ресми ашылуы 2024 жылдың 3 қыркүйегінде Алматы қаласында журналистердің, журналистика факультеттері оқытушыларының, студенттердің, журналистика және көші-қон саласындағы әртүрлі ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өтті.

Кіріспеде ЖАОК әзірлеушілері білім алушыны бірден ақпараттық сала атмосферасына енгізіп, оларды проблемаларды жүйелі түрде қарастырудың маңыздылығын талқылауға және әлемдегі, аймақтағы көші-қонды жазу нұсқаларын іздеуге шақырады.

Алғашқы шағын дәрістерден бастап ЖАОК пайдаланушылары фактілерге және жалпы қабылданған журналистік стандарттарға, коммуникациялық технологиялар мен халықаралық ұсыныстарға сүйене отырып, көші-қон және оған тартылған азаматтар туралы ақпаратты қоғам мүддесі үшін жедел жеткізуді үйрену мақсатында шынайы журналистиканың табиғатымен танысады. Авторлық видеоларды пайдалана отырып Қазақстан шындығынан кейбір эпизодтарды көрсетеді.

Курстың сегіз сабағының әрқайсысы көші-қон үдерістеріне және мигранттардың өздеріне әсер ететін белгілі бір мәселені егжей-тегжейлі қарастыруға арналған.

ЖАОК қорытындысы барлық зерттелген материалды қорытындылайды, қорытынды ойынды аяқтауды және ағымдағы және қорытынды тапсырмаларды сәтті орындаған әрбір адамға курсты тәмамдағаны туралы сертификат алуды ұсынады. Сертификат жүйедегі генерация әдісімен жасалып, тегін беріледі.

Барлық сабақтарда студентке материалды өз бетінше бекіту ұсынылатындықтан, қиындықтар туындаған жағдайда оған кез келген уақытта бірнеше рет оралуға болады, нәтижесінде курсты аяқтағандар көші-қон тақырыбымен жұмыс жасаудағы журналистік тәжірибені меңгеріп, үнемі туындайтын стандартты емес жағдайларды өз бетінше жеңе алады.

   Бұл курс мультимедиялық, анимация және интерактивті технологиялар көмегімен Қазақстанда тұңғыш рет әзірленді және білімін кеңейтіп, қажетті дағдыларды меңгергісі келетін білім алушыларға арналған. Тұрақты дамудың 17 мақсатының 11-і көші-қонға қатысты болғандықтан, бұл жоба аймақта ТДМ толық жүзеге асуына мүмкіндік береді.

«Өңір – Орта Азия: көші-қон мәселелері бойынша журналистік білім беру» атты мобильді ЖАОК қазақ, қырғыз, өзбек және тәжік тілдеріне аударылып, навигацияның тиімділігі үшін QR кодтарымен жабдықталған.

Бұл кәсіби деңгейді жақсартуға, осы тақырыпты қозғау кезінде қате түсініктер мен манипуляцияларды азайтуға, сондай-ақ студенттерге көші-қонды қамту кезінде халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.

Курсқа қол жеткізу үшін EdApp платформасында аккаунтпен тіркелу қажет.

Тіркелген пайдаланушылар үшін барлық курстарға сілтеме: https://link.edapp.com/kHUWsZP5zMb .

Қазақ тіліндегі курс: https://link.edapp.com/0RyXm2U4zMb

Орыс тіліндегі курс: https://link.edapp.com/psVOAPX4zMb 

Қырғыз тіліндегі курс: https://link.edapp.com/ADxwxCT4zMb

Өзбек тіліндепгі курс: https://link.edapp.com/rsaUkFY4zMb

Тәжік тіліндегі курс: https://link.edapp.com/9dQxxBZ4zMb