«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ (ЖИ): СЫН-ТЕГЕУРЕНДЕРІ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ»Farabi University

«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ (ЖИ): СЫН-ТЕГЕУРЕНДЕРІ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ»

14 наурыз, 2025

«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ (ЖИ): СЫН-ТЕГЕУРЕНДЕРІ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ» атты VI Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған филология факультетінің шетел тілдері кафедрасы ұйымдастырған конференцияға ғалымдар, ғылым қайраткерлері, ғылыми қызметкерлер, жас зерттеушілер, докторанттар, магистранттар және барлық қызығушылық танытушылар шақырылады.

Конференция мақсаты – ғылым мен білім саласындағы заманауи жетістіктерді талқылауға, ғалымдарға ғылыми пікір алмасуға, жас зерттеушілерге өз зерттеулерінің нәтижелерін талқылау алаңын ұсынуға, сондай-ақ сындарлы түрде кері байланыс алуға мүмкіндік беру.

Конференция спикерлері:

  1. Тео Мойтаба Аммари, PhD, Болашақ Білім академиясының доценті (Сиань Цзяотун-Ливерпуль университеті) Сучжоу, Қытай.
  2. Андела (Анжела) Попович, М.А. ТЕСОЛ, Б. А. Ағылшын тілі мен әдебиеті, Калифорния университеті, Сан-Диего, ESL бағдарламалары, ағылшын тілі институты, Сан-Диего, АҚШ.
  3. Моника Ольга Финелли, деректер талдаушысы, бағдарламалық өнімдер менеджері, Americor, Калифорния, АҚШ.
  4. Нелли Асматуллаева, Нельсон Марлборо технологиялық институтының дизайнері, Нельсон, Жаңа Зеландия.
  5. Кристофер Кортен, Адам Мицкевич университетінің профессоры, Познань, Польша.
  6. Бара Демир, қауымдастырылған проф., доктор, Чанаккале Онсекиз Март университеті, Түркия.
  7. Паула Оржеховская, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің профессоры, Германия.

Конференция 2025 жылдың 14 наурызында сағат 10.00-де (Астана қ. уақыты бойынша) «ZOOM» платформасы арқылы гибридті (онлайн/офлайн) форматта өтеді. Конференцияға кейінірек баяндамамен қатысуға өтінім берген барлық адамдарға жіберілетін сілтемелер арқылы қосылуға болады.

Конференцияға қатысуға өтінім беру мерзімі және мақаланың толық мәтіні 2025 жыл 28 ақпанға дейін (1-қосымшадағы өтінім нысанына және 2-қосымшадағы мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес) қабылданады:

•   Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

•   Конференция қатысушыларына электронды форматтағы материалдар жинағы (*pdf) жіберіледі.

•   Конференцияға қатысушыларға қатысу сертификаттары (*pdf) форматында жіберіледі.

КОНФЕРЕНЦИЯ (СЕКЦИЯ)ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:

  • Секция 1: Секция төрағасы – п.ғ.к., доцент, Кұлжанбекова Ғалия Құдретовна.

Физика-техникалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар (физика, математика, механика, ақпараттық технологиялар және т. б.) салаларындағы жасанды интеллект

  • Секция 2: Секция төрағасы – ф.ғ.к.., доцент Мулдагалиева Айжан Айдынгалиевна.

Жаратылыстану ғылымдарындағы жасанды интеллект (химия, биология, география, геология, медицина және т. б.)

  • Секция 3: Секция төрағасы – PhD, Тектибаева Диана Джумабаевна.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарындағы жасанды интеллект (философия, педагогика, психология, филология және лингвистика, тарих, археология, этнология, дінтану, туризм, құқықтану, экономикалық ғылымдар және т. б.)

 

WHATSAPP ЧАТЫНА КІРУ ҮШІН ТИІСТІ БӨЛІМНІҢ QR КОДЫН СКАНЕРЛЕҢІЗ

Конференцияға қатысу ақылы. 3000 теңге мөлшеріндегі тіркеу жарнасын Каспий банкінің қосымшасымен нөмірге аудару арқылы төлеу қажет +7 7086840419  Меруерт Н атына.

Конференцияға қатысу үшін материалдар (өтінім, төлем туралы түбіртек, мақала мәтіні) ұйымдастыру комитетінің келесі электрондық пошта мекенжайларына жіберілуі керек:

Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласа аласыз:

    • +7 7013915182 Гаийпова Гулипа Абдырайимовна (1 – секция),
    • +7 7079106073 Жемилева Мадина Маратовна (2 – секция),
    • +7 7004818868 Балгабекова Раушан Наурызбаевна (3 – секция).

Назар аударыңыз! Мақалаларды рәсімдеудің келесі тәртібін қатаң сақтаңыз! Дұрыс рәсімделмеген мақалалар қарауға қабылданбайды! Өтінімнің барлық бағандары (1-қосымша) толтырылуы тиіс!

Мақаланы рәсімдеу тәртібі (үлгі 2-қосымшада келтірілген)

Баяндама мәтіні (негізгі мәтін) Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman шрифтімен 2-3 бетке дейін, кегль (өлшемі) – 14, жоларалық интервал – 1 (бір), А4 форматы, өрістер: сол жақта, оң жақта және төменгі жағында – 2 см; беттер нөмірленбейді.

Бастапқы беттің сол жағында ӘӨК индексі жазылады. Төменде келесі жолда автордың (Авторлардың) тегі жазылады (кегль 14). Сондай – ақ, жолдың ортасында автордың атымен ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс/оқу орнының атауы-ЖОО/мекеме, қала, ел, e-mail электрондық поштасы (кегль 10) көрсетілген ақпарат келтірілуі тиіс (екі немесе үш авторды қосқан кезде тиісінше әрбір автордың деректері көрсетіледі).

Жолдың ортасында баяндаманың тақырыбы бас әріптермен қалың қаріппен жазылады.

Жаңа жолдан бір шегіністен (шегіністің бір жолынан) кейін аңдатпалардың (5-7 сөйлемнен) және түйінді сөздердің (5-8 сөзден) абзацтары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (барлық 3 тілде) рәсімделеді. Аңдатпада дәйексөздер мен қысқартылған атаулар жазылмайды, мақаланың негізгі мазмұны қысқаша түрде ашылады (дизайн – Times New Roman курсиві, кегль – 12). Бұл ретте әрбір тілде аңдатпадан кейін жаңа жолдан кілт сөздер (5-8 сөз) рәсімделеді. (Түсініктеме: қазақ тіліндегі түйінді сөздер қазақ тіліндегі аңдатпадан кейін рәсімделуі тиіс, орыс тіліндегі түйінді сөздер орыс тіліндегі аңдатпадан кейін, ал ағылшын тіліндегі түйінді сөздер ағылшын тіліндегі аңдатпадан кейін тиісінше рәсімделуі тиіс.)

Мақала мәтіні абзацтан бір жолдың шегінісі арқылы басталады. Негізгі мәтінде әдебиетке сілтеме тік жақшада беріледі [ ]: қазақ тілінде [1, 18 б.], орыс тілінде [1, с. 18], ағылшын тілінде [1, p. 18];

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында мақала мәтініндегі дереккөздерді атап өту реті бойынша – Times New Roman, кегль 12 шрифтімен келтіріледі;

Суреттер jpg немесе gif форматында болуы керек (сурет атауы бір жолдан кейін беттің ортасына жазылады: 1 сурет атауы).

Кестенің атауы кестенің үстіндегі мәтіннен кейін бір шегініс арқылы жаңа жолдан жазылады.

 

Хаттың тақырыбында конференцияға қатысушыға – қатысушының аты-жөні, секция нөмірі және мақаланың атауы келесідей көрсетілуі керек: ҮЛГІ: Абаева Г. М. _3_ Виртуалды тілдік тұлға лингвистикалық зерттеу пәні ретінде.

Хаттар тіркемесінде:

  1. Өтінім,
  2. Түбіртек,
  3. Мақала.