- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ-4: Студенттер «Мұқағалимен сырласу...» поэтикалық ән-кешінін тамашалады
ТДМ-4: Студенттер «Мұқағалимен сырласу...» поэтикалық ән-кешінін тамашалады
Университетіміздің Химия және химиялық технология факультетінің студенттері 10 ақпан күні қазақ поэзиясының мұзбалағы, ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Алатау» дәстүрлі өнер театрында қойылған «Мұқағалимен сырласу...» атты поэтикалық ән-кешін тамашалады.
Бұл ерекше мәдени шара студенттердің тек академиялық білім алып қана қоймай, рухани және шығармашылық тұрғыдан дамуына мүмкіндік беретін маңызды кеш болды. Көрермендер ақынның лирикалық жырлары мен философиялық толғауларын тыңдап, оның шығармашылығының терең мәніне үңілді.
Мұзбалақ ақынға арналған бұл поэтикалық ән-кеші:
- Мұқағали жырларындағы адамгершілік, махаббат, табиғат, өмір мен өлім тақырыптары сахнада шеберлікпен өрнектелді.
- Поэтикалық қойылым актерлердің әсерлі орындауында көрерменге ерекше сезім сыйлады.
- Студенттер қойылымнан алған әсерлерімен бөлісіп, қазақ әдебиетінің ұлы мұрасына тағы бір мәрте жақындай түсті.
Кеш соңында студенттер театр сахнасы мен көрермендер залында естелік суретке түсіп, поэзия әлеміндегі әсерлі саяхаттың бір бөлшегіне айналғанына қуаныш білдірді. «Мұқағалимен сырласу...» поэтикалық ән-кеші жиналған қауымның жүрегіне жылы әсер қалдырып, Мұқағали жырларының мәңгілік екендігін тағы бір дәлелдеді.