Бурабайдағы IV Құрылтайға шолу, 2025 жылғы 14 наурызFarabi University

Бурабайдағы IV Құрылтайға шолу, 2025 жылғы 14 наурыз

15 наурыз, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, халық көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, талас-тартыс көп мәселелердің нүктесін қойды. Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салып, олардың біразы Президенттің қолдауын тапты.
Ғылым мен білім  бағытындағы ұсыныстарды айтсақ,  Мемлекет басшысы тәрбие мен білім бірге қатар жүруі тиіс деп, тиісті тапсырма жүктеді. 
Жастардың мүмкіндігін арттырып кәсіби-бағыт бағдар беріуге баса назар аудару керек. Олардың сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды меңгеруіне жағдай жасалынуы керек. Жастардың заман талабына сай  білім алуын қаматамас ету үшін Үкімет халықаралық білім мекемелерін салдыртуды қолға алып жатыр. Бұл білім ошағы жастарға заман талабына сай білім мен дағдыларды игеруге жол ашып  еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға ықпал етуі тиіс.
Елбасшы ұрпақ тәрбиесіне де аса мән беріп, білім мен қатар тәрбиеге де көңіл бөлу керектігін айтты. Елде негізінен осы уақытқа дейін білімге көп көңіл бөлініп келді де, салдарынан ұрапақ тәрбиесі таса қалды.  Ойлы-озық ұрпақ өсіру үшін, білім мен тәрбие әрдайым қатар жүруі керек деді. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттық қас жауы деп білім мен тәрбиеге айрықша назар уадаруымыз керек екенін айтты.
Дипломмен ауылға жобасы аясы. Көптеген жастарымыз ауылға жұмыс істеуге барып жатыр, өкімет тарапынан қаржы бөлініп отыр. Сонымен қатар, Елбасышы ғылымды дамытуға, соның ішінде қолданбалы зерттеу жүргізу үшін көптеген істер атқарыл жатқанын айтып, ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге мән беріліп отырғанын да айтап өтті.
Бұл құрылтай елдің болашағына бей-жай қарамайтын азаматтардың басын қосатын маңызды алаңға айналып келеді. Дегенмен, көтерілген мәселелер тек талқылау деңгейінде қалып қоймай, нақты іс-шаралармен жалғасуы керек. Біздер білім саласында іс атқарып келе жатқан соң, әсіресе, жастардың білімін  сонымен қатар тәрбиесіне де аса көңіл бөлуі, жастар саясаты мен аймақтық даму бағыттарына ерекше назар аударылғаны қуантады. Егер қабылданған шешімдер тиімді жүзеге асырылса, құрылтайдың қоғам үшін маңызы одан әрі арта түседі деген ойдамыз. 
Г.А. Койтасова
Филология факультеті,
Шет тілдері кафедрасы,
ҚазҰУ