Поход в кинотеатрFarabi University

Поход в кинотеатр

16 марта, 2025

16.03.25 ж.ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының 7-топ тыңдаушылары (ТДМ 11) аясында Алматы қаласындағы Chaplin MEGA кинотеатрына барып, «Қожа. Жаңа саяхат»   атты фильмді тамашалады.«Менің атым Қожа» — қазақ балалар әдебиетінің классикасына айналған туынды. Бердібек Соқпақбаевтың осы аттас шығармасы негізінде 1966 жылы тұңғыш рет фильм түсірілген болатын. Енді, араға 59 жыл салып, сол классиканың жаңа форматтағы жалғасы болды.

          Жаңа фильмнің басты ерекшелігі — Қожа бейнесін сомдаған 15 жасар Айқын Елубайдың түр-әлпеті мен мінез-құлқының бастапқы кейіпкерге ұқсастығы. Көрермендер жаңа туындыны жоғары бағалап, Қожа мен оның достарының оқиғасын қызығушылықпен тамашалауды.«Қожа. Жаңа саяхат» фильмі қазіргі заман технологиялары мен трендтерін пайдалана отырып, түпнұсқаның негізгі идеяларын сақтауға тырысқан. Бұл кинотуынды қазақ мәдениетінің құнды мұрасын жаңа буынға таныстыру мақсатында түсірілген.