ТДМ 4. Сапалы білім шеңберінде "Ұлттық құндылықтар- ұлы мұра"Farabi University

ТДМ 4. Сапалы білім шеңберінде "Ұлттық құндылықтар- ұлы мұра"

19 наурыз, 2025

19 наурыз, 2025 жылы Тарих факультеті, Ғылыми тарих және Кітапхана ақпарат жүйелері мамандықтарының 1 курс студенттері және Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Койтасова қатысумен «Ұлттық құндылықтар – ұлы мұра» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара Мемлекет басшысының Құрылтай съезіндегі «Студенттермен жұмыс жасауда ұлттық құндылықтарды біріктіру» атты Қазақстан ЖОО-на тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Филология факультеті, Шет тілдер кафедрасының бекітілген жылдық іс-шара жоспарына сәйкес өтті. Іс-шара ағылшын тілінде өтті. Тарих факультетінде мұражай-кеңсе жұмыс істейді, студенттер мұражайды аралап, ертоқым, сандық, текемет, сырмақ, кереге, шаңырақ, құмыра сынды ұлттық атрибуттармен танысып, әр затқа ағылшын тілінде сипаттама берді. Ал филология факультетінде де ұлттық сипатта бұрыш ашылған, студенттеріміз онда да ұлттық шапан, бөрік, қыздың ұлттық киімі, сәукеле, сырмақ, сандық, т.б. атрибуттарға ағылшын тілінде анықтамасын беруге тырысты. Сондай-ақ №10 студенттік жатақханада да ұлттық сипаттағы бұрыш бар, онда біздің топтың студенттері қонаққа келіп, ұлттық нақыштарды ағылшын тілінде таныстырып, сипаттап шықты.

Ұлттық құндылықтар – бір ұлттың тарихы, мәдениеті, тілі, дәстүрі, салт-санасы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын негіздер. Оларды сақтап қалу және дамыту қоғамның тұрақтылығы мен келешегі үшін маңызды. Қазіргі жаңа дәуірде дәстүрге сай тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу –   әр отбасының басты міндеті ғана емес, сонымен қатар қоғамның және оқу орындарының да міндеті.

Қазақы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар халқымыздың тұр­­мыс-тіршілігінен, салт-сана­сынан қалыптасқан санғасырлық тарихы бар құндылықтардың жемісі. Ежелден жалғасып келе жатқан ғұрып бойынша біз жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру арқылы ұлттық құндылықты сақтап, оны болашаққа жеткізе аламыз.

Қазіргі кезеңде мектеп пен жоғары оқу орындары ұлттық құндылықтарды насихаттайтын негізгі ауди­тория болмақ. Оқу орындарында қазақ әдебиеті, тарих пәндері арқылы ұлттық құндылықтарды меңгеруге мүмкіндік беріледі. Ұлттық мерекелер, дәстүрлерді таныстыру, фольклор­­лық шаралар өткізу – тәрбиенің маңыз­ды аспектілері.


https://drive.google.com/file/d/1AWMKWeyfcXUxnyESwtdphoQqumx265L-/view?usp=sharing