Білім ордасы ел болашағы үшін қызмет етеді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы университет қабырғасында Әл-Фараби атындағы ҚҰУ ректоры Ж.Қ.Түймебаевпен кездесті. Кездесу барысында Ж.Қ.Түймебаев сөз сөйлеп, университетімізге қала әкімін қабылдау қуанышты жәйт екенін айта келіп, қала әкіміне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге үнемі назар аударып, қолдау көрсеткеніне және оның дамуында маңызды рөл атқаратынын және бұл үшін шын жүректен алғыс айтты. Университет басшысы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, қала әкімінің тікелей қолдауының арқасында университетіміз жетекші ғылыми және білім беру платформасы ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастырып жатщанын мәлімдеді.
Университет сондай-ақ бизнес құрылымдары мен өндірістік сектордың барлық өкілдерін қарсы алуға дайын екенін және Е.Досаевтвң университетпен ынтымақтастығы ғылымды, инновацияны дамытудағы және өзекті экономикалық мәселелерді шешуге және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлаудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Университет ұжымы қазір зияткерлік диалог, ғылыми жаңалықтар мен білім беру бастамаларының алаңына айналған Фараби хабында – ҚазҰУ инновациялық орталығында екенін және мұнда болашақтың тұрақты, жайлы және технологиялық қаласын дамытуға бағытталған озық идеялар туып, шешімдер жасалатынын, ҚазҰУ – ең ірі ғылыми және білім беру орталығы және ғылым мен академиялық ұтқырлық саласындағы Орталық Азияның көшбасшысы екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Пәнаралық ми институты медицина, білім беру және қаланы басқару үшін пайдаланылуы мүмкін ми-компьютер интерфейстерін қоса, озық нейротехнологияларды әзірлейді
8 озық химиялық зертхананы біріктіретін «Farabi Chem Science» ғылыми-инновациялық кластері экологиялық таза жабындар мен жаңа материалдарды жасаумен айналысады. Ал ҚазҰУ технопаркінде қала инфрақұрылымын жақсартуға енгізуге болатын іс жүзінде бағытталған технологиялар әзірленуде: - жылжымалы автономды гибридті күн электр станциясы - шалғайдағы объектілерді электрмен жабдықтау және қалалық электр желілеріне жүктемені азайту үшін өз үлесін қосуға әзір екенін атап өтті.
Баймуратова И.А. к.ғ.н., филология факультеті, шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы.
Басқа жаңалықтар


