«Фараби әлемі» аясындағы ғылыми шаралардың қорытындысы
5 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті жанындағы «Еуразия тарихы мен мәдениеті» ғылыми орталығы «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында екі маңызды ғылыми шара өткізді:
- 2025 жылдың 3 сәуірі - Шақырылған профессор Виктория Васильеваның (Жаңа Сорбонна университеті, Париж) қатысуымен «ҚР мемлекеттік мұрағаттарының аудиовизуалды құжаттары: пайдалану тәжірибесі және қазіргі жағдайы» атты халықаралық ғылыми семинар.
- 2025 жылдың 4 сәуірі - Тарих ғылымдарының докторы Виталий Александрович Воропановтың (Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы) қатысуымен «Қазақ даласында Ресей империясының сот жүйесі институттарының қалыптасуы» атты халықаралық дөңгелек үстел.
Шараларға факультеттің докторанттары мен магистранттары белсенді қатысып, зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Ұйымдастырушы: т.ғ.д., профессор Гүлмира Сәлімжанқызы Сұлтанғалиева.
Басқа жаңалықтар

9 мамыр, 2025

9 мамыр, 2025

8 мамыр, 2025