Математика – ғылымдар патшасыFarabi University

Математика – ғылымдар патшасы

3 сәуір, 2025

«Актуарлы математика» мамандығының АКМ-24-1а,б тобының студенттері мен топтың куратор-эдвайзері С.Тапеева 1-сәуір математиктер күніне арнап «Математика – ғылымдар патшасы» атты ашық кураторлық сағат өткізді. Студенттердің математикаға деген қызығушылығын арттыруды, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды мақсат еткен шарада сабаққа қатысқан 1 курс студенттері математиканың – тек есептер мен формулалар ғана емес, оның – логика, дәлдік, сұлулық пен өнер екенін түсінді, өздері қазір оқып жатқан бағдарламалау, инженерия, эконономика пәндерінің математикалық білімге негізделгенін ұқты. Кафедраның аға оқытушысы Әбенов Б.Қ. шараға қатысып, студенттерге мағыналы өткен сабақ үшін ризашылығын білдіріп, олардың біліктілігі мен өнеріне жақсы баға берді.

Есептеу ғылымдары және статистика Кафедрасы