Тарихтың «ақтаңдақтарын» жою –қасиетті парызымызFarabi University

Тарихтың «ақтаңдақтарын» жою –қасиетті парызымыз

1 маусым, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шарада сөз сөйледі.

Елімізде жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, сол зұлмат жылдарда қаза тапқандардың барлығын еске алып, еліміздің болашағы үшін жандарын пида еткен арыстарымыздың алдында бас иіп, тағзым етеміз. Осы шарада ел басы өткен ғасырда біздің еліміз де Кеңес Одағының құрамында болған көптеген халықтармен қатар ауыр сынақтарды бастан кешіргенін, қиын тағдырдан бастан кешіргенін атап өтті. Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде адамдар малы мен дүние-мүлкінен айырылып, қолдан жасалған  аштықтан жаппай қырылып, көпшілігі жат жерлерді паналауға мәжбүр болды. Ұлтымыз ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және тағы басқалары бар ең таңдаулы өкілдері болып табылатын ең білімді, озық ойлы бөлігі – ұлттық зиялы қауым Сталиндік қуғын-сүргін кезінде  мыңдаған адамдар «халық жауы» деп жарияланып, аяусыз азапталды, сотсыз, тергеусіз атылды.

Қазақстан аумағында 11 ГУЛАГ лагері болған. АЛЖИР – осындай қайғылы жерлердің бірі. Мұнда 8 мыңға жуық негізсіз сотталған әйелдер жазасын өтеген. Олардың қатарында Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Темірбек Жүргенов, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров сынды көрнекті тұлғалардың жарлары бар. Өткен тарихымыздың қасіретті кезеңдерін еске алудың, бүгінгі жастарымыздың есінде ұстауын, санасында сақтаудың басты мәні де осында. Президент өз сөзінде халқымыз Ұлы Дала өркениетінің бірегей мәдени кодексінің сақтаушысы. Ел зиялыларының осындай  тағдыр тәлкегіне түсіп, қиындықтарға төтеп беруі және адамдық қадір-қасиетті сақтауы біздің жастарымыз үшін тағлым аларлық үлгі. Ынтымақтастық, гуманизм, бауырмалдық мұраттарын ұстанған ата-бабаларымыз сұрапыл жылдарында азап шеккендердің барлығына көмек қолын созды. Сондықтан да бүгінде ұлттық болмысымыз өзара көмек, жауапкершілік, толеранттылық сияқты құндылықтарға негізделген. Мелекет тарапынан Тарихтың «ақтаңдақтарын» жою – өткен және болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз. Соңғы жылдары бұл бағытта кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қазінгі кезде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, сарапшылар мен ғалымдардың үлкен тобының зерттеу жұмысы нәтижесінде қуғынға ұшыраған 300 мыңнан астам адам ақталғанын мәлімдеді. Сол зұлмат заманда жапа шеккен барлық халықтар сол қасіреттен сабақ алуы керек.

Баймуратова И.А. ф.ғ.к., Филология факулльтеті, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы.