Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасында Түркияның әріптес университеттерінен келген студенттер үшін жазғы және қысқы мектептер ұйымдастыру дәстүрі табысты түрде жүзеге асырылып келеді.Farabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасында Түркияның әріптес университеттерінен келген студенттер үшін жазғы және қысқы мектептер ұйымдастыру дәстүрі табысты түрде жүзеге асырылып келеді.

8 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасында әріптес университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Аймақтану. Орталық Азияның тілі, тарихы және мәдениеті» атты жазғы мектеп ұйымдастырылды. Жоба үйлестірушісі ретінде кафедраның аға оқытушысы Нурат Ильяс қызмет атқарды.

Екі апта бойы Түркиядан келген қатысушыларға Орталық Азия өңірінің тарихы мен әдебиетін, шағатай қолжазба дәстүрінің ерекшеліктерін, қазақ және түрік тілдеріндегі лексика-семантикалық ұқсастықтарды, сондай-ақ қазақ лингвомәдениетіндегі түстер символикасының концептуализациясын қамтитын дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Сабақтарды түркология саласында жоғары академиялық біліктілікке ие кафедра оқытушылары мен докторанттары жүргізді. Студенттердің ерекше қызығушылығын қазақ халқының тілі, әдебиеті, мәдениеті мен дүниетанымына қатысты тақырыптар тудырды. Қатысушылар Қазақстанның ғылыми ортасынан тікелей білім алу мүмкіндігін жоғары бағалады.

Дискуссия барысында қазақ және түрік халықтарының мәдени кодтарындағы ортақ белгілер анықталды. Бағдарлама аяқталған соң тыңдаушылардың көпшілігі алдағы уақытта да академиялық байланысты жалғастырып, Қазақстанға тағы да келуге ниетті екендерін білдірді. Жазғы мектеп аясында студенттер мультимедиалық материалдар арқылы еліміздің мәдени мұрасымен және тарихи-мәдени нысандарымен де танысты