«Күміс университеті» бағдарламасы аясындағы компьютерлік сауаттылық курстары
 
                Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты «Күміс университет» бағдарламасы аясында 50 жастан асқан азаматтарға арналған компьютерлік сауаттылық курстарын ұйымдастыруда.
Курстың мақсаты – тыңдаушылардың ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын жетілдіру және күнделікті өмірде цифрлық құралдарды тиімді қолдануға жағдай жасау. Бағдарламада:
- 
	компьютердің негізгі функцияларын меңгеру; 
- 
	интернет желісінде қауіпсіз жұмыс істеу; 
- 
	электрондық пошта және мессенджерлерді пайдалану; 
- 
	мемлекеттік электрондық қызметтерді (eGov.kz) қолдану; 
- 
	онлайн төлемдер мен күнделікті цифрлық сервистерді пайдалану. 
Курс барысында тыңдаушыларға тәжірибелік тапсырмалар ұсынылып, үйде және қоғамдық орындарда қолдануға ыңғайлы қарапайым тәсілдер түсіндіріледі.
Басқа жаңалықтар
.jpg) 
                                .jpg) 
                                