«Күміс университеті» бағдарламасы аясындағы компьютерлік сауаттылық курстарыFarabi University

«Күміс университеті» бағдарламасы аясындағы компьютерлік сауаттылық курстары

16 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты «Күміс университет» бағдарламасы аясында 50 жастан асқан азаматтарға арналған компьютерлік сауаттылық курстарын ұйымдастыруда.

Курстың мақсаты – тыңдаушылардың ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын жетілдіру және күнделікті өмірде цифрлық құралдарды тиімді қолдануға жағдай жасау. Бағдарламада:

  • компьютердің негізгі функцияларын меңгеру;

  • интернет желісінде қауіпсіз жұмыс істеу;

  • электрондық пошта және мессенджерлерді пайдалану;

  • мемлекеттік электрондық қызметтерді (eGov.kz) қолдану;

  • онлайн төлемдер мен күнделікті цифрлық сервистерді пайдалану.

Курс барысында тыңдаушыларға тәжірибелік тапсырмалар ұсынылып, үйде және қоғамдық орындарда қолдануға ыңғайлы қарапайым тәсілдер түсіндіріледі.