- Басты бет
- Инклюзивті орта
- ТДМ №4: «Психологиялық денсаулық — студенттің кәсіби қалыптасуының негізі» тақырыбында семинар-тренинг
ТДМ №4: «Психологиялық денсаулық — студенттің кәсіби қалыптасуының негізі» тақырыбында семинар-тренинг
2025 жылдың 10 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - 4: «Сапалы білім беру» бағыты аясында «Психологиялық денсаулық — студенттің кәсіби қалыптасуының негізі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингтің мақсаты – студенттердің психологиялық денсаулығын нығайту, эмоционалдық тұрақтылық дағдыларын дамыту, сондай-ақ болашақ маман ретінде менталдық саулықтың маңыздылығын түсінуге көмектесу болды. Іс-шараға заң факультетінің белсенді студенттері қатысты. Олар психогигиена негіздерімен және ішкі тепе-теңдікті сақтаудың әдістерімен танысты.
Семинар барысында келесі негізгі тақырыптар қарастырылды:
-
Психологиялық денсаулық ұғымы және оның адам өміріндегі рөлі;
-
Психоэмоционалдық жағдай мен оқу мотивациясының өзара байланысы;
-
Эмоциялық күйзелудің (выгорание) негізгі белгілері және оның алдын алу жолдары;
-
Өзін-өзі реттеу, релаксация және стресстің алдын алу әдістері;
-
Психогигиена мен менталдық саулықты студенттік және кәсіби өмірде сақтау маңыздылығы.
Семинардың практикалық бөлігінде интерактивті психологиялық жаттығулар, релаксациялық техникалар және топтық пікірталастар өткізілді. Бұл жаттығулар студенттердің өзін-өзі тануына, эмоцияларын түсінуге, күйзеліс тудыратын факторларды анықтауға және олармен тиімді күресу жолдарын табуға ықпал етті. Студенттер психологиялық қиындықтарды қалай еңсергені жөнінде жеке тәжірибелерімен бөлісті және ішкі жай-күйлерін қалай күтетіні туралы айтты.
Қатысушылар пайдалы ақпарат, өз-өзіне күтім жасауға деген мотивация және менталдық саулықты қолдау үшін жаңа құралдар алды. Семинар жылы әрі қолайлы атмосферада өтті, бұл ашық қарым-қатынасқа және қатысушылар арасындағы түсіністікті арттыруға септігін тигізді.
Соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай шаралардың студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау мен тұлғалық дамуы үшін үнемі өткізіліп тұруының маңыздылығын атап өтті.
.jpeg)

