ТДМ-4: «Профессионалдық күйзлісті алдын-алу» тақырыбында тренинг өттіFarabi University

ТДМ-4: «Профессионалдық күйзлісті алдын-алу» тақырыбында тренинг өтті

30 қазан, 2025

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Психологиялық қолдау қызметі университет қызметкерлері үшін «Кәсіби күйзеліске ұшыраудың алдын алу» тақырыбында тренинг өткізді.

Қазіргі заманның қарқынды жұмыс ырғағында көптеген мамандар үнемі күйзеліс, жоғары жауапкершілік және эмоционалды жүктемеге тап болады. Мұның барлығы кәсіби күйзеліске, шаршауға, мотивацияның төмендеуіне және жұмыстан қанағат алудың азаюына әкелуі мүмкін. Сол себепті, бұл белгілерді дер кезінде анықтап, тиімді өзін-өзі реттеу әдістерін меңгеру маңызды.

Тренингтің мақсаты – қатысушылардың өз психологиялық жағдайына деген саналы көзқарасын арттыру, күйзелісті басқару және эмоционалды тепе-теңдікті сақтауға үйрету.

Тренинг барысында қатысушылар:

  • кәсіби күйзелістің белгілері мен кезеңдері туралы мәлімет алды;
  • эмоционалды қажу деңгейін анықтау тестін орындады;
  • өздерінің күйзеліс көздерін және оларды еңсеру жолдарын анықтады;
  • «ресурстар картасын» құрастырып, күш пен шабыт беретін факторларды белгіледі;
  • тыныс алу және релаксация тәсілдерін үйренді.

Тренинг жылы, сенімді атмосферада өтті. Қатысушылар жеке тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңыздылығын талқылады.

Соңында әр қатысушы кәсіби күйзелістің алдын алу мен психологиялық саулықты сақтау үшін жеке антистресс-жоспарын жасады.

Мұндай тренингтер қызметкерлердің жұмыс мотивациясын арттырып, ұжымдық рухты нығайтуға және эмоционалды амандықты сақтауға ықпал етеді.