ТДМ-4: «Кәсіби мотивацияны арттыру» тақырыбында тренинг өттіFarabi University

ТДМ-4: «Кәсіби мотивацияны арттыру» тақырыбында тренинг өтті

30 қазан, 2025

Қазіргі өмір ырғағында көпшілік үнемі күйзеліс, жоғары жүктеме мен жауапкершілік сезімін бастан кешіреді. Уақыт өте келе бұл кәсіби күйіп кету жағдайына — мотивацияның төмендеуіне, жұмысқа қызығушылықтың жоғалуына, шаршауға және немқұрайлылыққа әкелуі мүмкін. Психологиялық денсаулық пен ішкі ресурстарды сақтау үшін күйіп кетудің белгілерін дер кезінде танып, тиімді өзіндік көмек тәсілдерін қолдану маңызды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ психологиялық қолдау қызметі университет қызметкерлеріне арналған «Кәсіби мотивацияны арттыру» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты — қатысушылардың өз эмоционалдық жағдайына деген түсінігін арттыру, күйзелісті басқаруға және ішкі тепе-теңдікті сақтауға үйрету.

Кездесу барысында қатысушылар:
    •    кәсіби күйіп кетудің кезеңдері мен белгілерімен танысты;
    •    эмоционалдық сарқылу деңгейін анықтайтын тесттен өтті;
    •    жеке күйзеліс көздері мен оларды еңсеру тәсілдерін анықтады;
    •    энергия мен шабытты сақтауға көмектесетін жеке «ресурстар картасын» жасады;
    •    эмоционалдық жағдайды қалпына келтіруге арналған тыныс алу және релаксация әдістерін меңгерді.

Тренинг жылы әрі сенімге толы атмосферада өтті. Қатысушылар жеке тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдіктің маңыздылығын талқылады, ішкі күшті қалпына келтіру мен өзіне қамқорлық жасауды үйренді.

Соңында әр қатысушы өзінің антистресс-жоспарын әзірледі — күйіп кетудің алдын алу және психологиялық әл-ауқатты нығайтуға бағытталған нақты қадамдар жоспары.

Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің мотивациясын сақтауға, жұмысқа қанағаттанушылығын арттыруға және ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етеді.

Picture background