Табиғатқа жол-өзіңе жолFarabi University

Табиғатқа жол-өзіңе жол

10 қараша, 2025

2025 жылдың 25 қазанында БҰҰ-ның 17-ші тұрақты даму мақсаты қағидаттарына сәйкес, 3 курс  "Логистика", К2 тобы студенттері,  "Табиғатқа жол-өзіңе жол" атты танымдық-сауықтыру саяхаты аясында Алматы қаласының көрікті орындары — «Медеу мұз айдыны», «Шымбұлақ тау-шаңғы курорты» және «Көктөбе» демалыс аймағына саяхат жасап қайтты.
Саяхат барысында студенттер табиғат аясында белсенді демалып, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсініп, «денсаулық пен экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған командалық іс-әрекеттерге» қатысты.
Бұл бастама — «университет пен жастар арасындағы ынтымақтастықтың, азаматтық жауапкершіліктің және тұрақты дамуға деген ұмтылыстың айқын көрінісі». Студенттер таза ауада серуендеп, экотуризм элементтерімен танысып, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың мәнін сезінді.
Табиғатты қорғау — болашақты қорғау. Бірге әрекет етсек, тұрақты даму — қолжетімді!

Ұйымдастырушылар: "Бизнес технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы, топ эдвайзері: Болтаева А. Ж. және Логистика К2, 3 курс, қазақ тобы студенттері.