Білім беру бағдарламасы
Бәсекеге қабілетті, білікті, ғылыми дінтану мәдениеті мен қоғамдық санасының деңгейі жоғары, ислам саласында іргелі білімі бар, исламтану саласында бәсекеге қабілетті, белсенді азаматтық ұстанымы бар, білім беру, мәдениет, бұқаралық ақпарат кұралдары, мемлекеттік және құқық қорғау органдары салаларында заманауи әдістеме негізінде практикалық, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыратың, көпконфессиялы қазақстандық қоғамды дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосатын құзыретті исламтану мамандарды даярлау.
1. Қазіргі қоғамдағы діни және исламдық құбылыстардың маңызын талдау үшін қазіргі исламтану мәселелерінің сипаты мен ерекшелігін анықтау.
2. Мектептер мен бағыттардың өкілдерінің арасындағы айырмашылықтарды анықтау, сонымен қатар қазіргі замандағы исламдық пікірталастардың мазмұнына бағдарлау мақсатында дүниежүзілік және қазақстандық исламтанудың негізгі заманауи тұжырымдамаларында кәсіби дағдыларды қолдану.
1. 3. Терең кәсіби білімді қажет ететін ғылыми-зерттеу іс-әрекеті барысында туындайтын мәселелерді тұжырымдау.
4. Белгілі бір зерттеудің мақсаттарына сүйене отырып, бар әдістерді өзгерту үшін қажетті зерттеу әдістерін таңдау.
2. 5. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық, рухани-мәдени даму тенденцияларын ғылыми талдау негізінде исламтану, дінтану, философиялық, әлеуметтік-саяси және ғылыми әдебиеттерге талдау жасау.
3. 6. Түрлі ұлттық дәстүрлердегі ислам тәжірибесінің құбылысын академиялық исламтану тұрғысынан бағалау.
4. 7. Атқарылған жұмыстардың нәтижелерін қазіргі заманғы редакциялау құралдарын пайдалана отырып, қолданыстағы талаптарға сәйкес құрастырылған баяндамалар, рефераттар, мақалалар түрінде ұсыну.
5. 8. Исламтануды оқыту әдістемесі, қазақстандық және шетелдік исламтану тарихы бойынша кәсіби білімдерін пайдалану.
9. Батыс пен Шығыстың исламдық және діни-философиялық ой-пікірлерінің өзіндік ерекшеліктерін, атап айтқанда, ислам және діни философияны салыстырмалы аспектіде түсіндіру, исламның қасиетті мәтіндерін талдау.
10. Бұқаралық ақпарат құралдарына, әртүрлі бейіндегі мемлекеттік ұйымдарға, қоғамдық ұйымдарға, коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдарға ислам туралы кеңестер өңдеу беру.
11.Тиісті бағытта құзыретті, кәсіби білім мен дағдыны талап ететін исламтану саласындағы ғылыми жобаларды әзірлеуге қатысу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«7М02205 –Исламтану» білім беру бағдарламасы бойынша түлектер Қазақстанның арнаулы орта білім беру мекемелерінде (училищелер, техникумдар, колледждер) оқытушы қызметін атқарады; мемлекеттік құрылымдарда, БАҚ, діни ұйымдарда (ҚМДБ, мешіттер және т.б.). ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша сарапшы қызметін атқарады. Исламтанушы магистрдің ары қарай оқуын докторантурада жалғастыруға мүмкіндігі бар
Байланыс
Қойшыбаева Салтанат Санатқызы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы:
+7 707 429 7879