Білім беру бағдарламасы
Ғылыми зерттеулер; химиялық өнімнің жаңа түрлерін жасау; инновациялық технологиялар; өнім сапасын бақылау, шикізат пен өнімді стандарттау және сертификаттау; орта және кәсіптік білім беру салаларында кәсіби түрде қызмет атқаруға қабілетті кадрларды даярлау. Бакалавр бағыттар бойынша мәселелерді шеше алады: казіргі теориялық және қолданбалы химия; химиялық сараптама; жасыл химия; Нанохимия және наноматериалдар; Композициялық материалдарды әзірлеу және жобалау
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін бакалаврлар келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі
РО 1 - химияны ғылым ретінде дамытудың негізгі бағыттары, негізгі принциптері, заңдары және оның іргелі бөлімдерінің теориялары туралы қазіргі заманғы түсініктерді қалыптастыру;
РО 2 - заттардың қасиеттерін және физикалық-химиялық процестердің зерттеудің физикалық және физикалық-химиялық әдістерін, химиялық заттар мен материалдарды синтездеу және алу әдістерін жіктеу;
РО 3 - заттардың реакциялық қабілеттілігінің молекулалардың құрылымы мен құрылымына, химиялық байланыс табиғатына, химиялық реакцияның өту жүйесі мен жағдайларына тәуелділігін, физикалық және химиялық процестердің заңдылықтарын теориялық және қолданбалы химияның қазіргі жетістіктері тұрғысынан түсінуді көрсету;
РО 4 - химияның теориялық және қолданбалы негіздерін және басқа жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің іргелі ұғымдарын пайдалана отырып, кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін шешу;
РО 5 - заттардың қасиеттерін, физикалық-химиялық процестердің параметрлері мен заңдылықтарын зерттеудің синтетикалық және аналитикалық әдістерін қолдануды негіздеу;
РО 6 - әртүрлі физикалық-химиялық жүйелер мен процестердің негізгі термодинамикалық, кинетикалық параметрлерін есептеу және бағалау, оның ішінде қазіргі заманғы есептеу технологияларын ескере отырып жүргізу;
РО 7 - заттардың қасиеттері мен процесс параметрлерінің есептелген және эксперименттік деректері негізінде берілген сипаттамалары бар өнімді алу және оның шығымын арттыру мақсатында химиялық процестің мүмкіндігін, бағытын және тереңдігін болжау;
РО 8 - процестердің, оның ішінде технологиялық процестердің параметрлерінің алдын алу және түзету үшін негізделген шешімдер қабылдау мақсатында берілген параметрлерінен ауытқу себептерін талдау;
РО 9 - физикалық-химиялық және математикалық әдістер арқылы алынған нәтижелерді өңдеп отырып, ғылыми экспериментті немесе сынақты жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
РО10 - нақты зерттеу немесе өндірістік есепті шешу үшін математикалық модельді, синтездің, талдаудың әдісін немесе өлшем құралдарының ең тиімді таңдауды негіздеу;
РО 11 - зерттеу немесе сынақ нәтижелерін сыни талдау және жүйелеу, оның ішінде кейіннен ғылыми есептер, жарияланымдар, презентациялар түрінде материалдар ұсыну;
РО 12 – қоршаған ортаның ластануын азайтуға, табиғи ресурстарды пайдаланудың ұтымдылығын, өнімдер мен технологиялардың қауіпсіздігі мен экологиялығын арттыруға бағытталған әдістерді, тәсілдерді, технологиялар мен іс-шараларды жетілдіру, әзірлеу және енгізу мақсатында жүйелер мен процестердің жай-күйін бағалауды жүргізу.
РО 13 Әл-Фараби мен Абайдың ғылыми-философиялық мұраларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы әкімшілік-құқықтық нормаларды, тірі организмдер мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу үлгілерін табысты тұлғалық өсу үшін кәсіби
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Болашақта бағдарлама түлектерін жұмысқа орналастыру үшін «6B05301 – Химия» мамандығы бойынша негізгі жұмыс берушілер:
- химия, металлургия, мұнай-химия, фармацевтика өнеркәсіп өндірістік ұйымдары мен мекемелері,
- аналитикалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттау қызметтерінің зертханалары,
- химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық профильдегі ғылыми ұйымдар (институттар, зертханалар)
- білім беру мекемелері: орта жалпы білім беру мектептері, колледждер, лицейлер, гимназиялар, университеттер; білім бөлімдері.
-сараптамалық және сот-сараптамалық зертханалар
Байланыс
Наренова Сауле Маратовна
Ұялы телефон: +7 747 862 7899
E - mail: snarenova@mail.ru