7M07122 Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар
Цель: нанотехнология және наноинженерия саласында жоғары сапалы дайындық, нанотехнологиялық процестер негізінде әртүрлі функционалды мақсаттар үшін, жаңа және қолданыстағы материалдар мен бұйымдарды жобалау және жетілдіру саласындағы заманауи ғылыми білімді түсіндіре және жалпылай алатын кадрларды сапалы дайындау
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
нанотехнология және наноинженерия саласында жоғары сапалы дайындық, нанотехнологиялық процестер негізінде әртүрлі функционалды мақсаттар үшін, жаңа және қолданыстағы материалдар мен бұйымдарды жобалау және жетілдіру саласындағы заманауи ғылыми білімді түсіндіре және жалпылай алатын кадрларды сапалы дайындау
1. нанотехнологияның ағымдағы жай-күйі мен даму
үрдістері, сондай-ақ кәсіптік қызметтің пәнаралық салаларында терең білімдерін көрсету;
2. материалдарды нанозаттар және нанобөлшектермен технологиялық құрылымдау үдерісінің басқару принциптерін талдау;
3. заттардың және наноматериалдардың қасиеттерін зерттеу, талдау, диагностикалау және модельдеу әдістерімен жаңа және беймәлім контексттердегі технологиялық мәселелерді шешу;
4. физико-химиялық, кинетикалық және термодинамикалық параметрлерді ескере отырып, наноматериалдарды алудың қолданыстағы синтез әдістерін таңдау және қолданылуын негіздеу;
5. практикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, нанотехнологияда қолданылатын синтездің заманауи әдістерін салыстыру;
6. нанотехнология өнеркәсібіндегі жаңа пилоттық қондырғыларды, құрылғылар мен аппараттарды құру мәселелерін шешу үшін олардың құрылымын өзгертуге бағытталған материалдардың қасиеттерін
басқарудың заманауи технологияларын қолдану;
7. нанотехнологияның физика-химиялық үдерістерін зерттеу үшін заманауи құрал-жабдықтарды, сандық технологияларды, әдістемелердің комбинациясын таңдау;
8. нанотехнологиялар саласында жоғары білім беру үрдісінің практикасына ғылыми-кәсіби білімін енгізу;
9. түрлі наноматериалдарды өндіруге арналған қазіргі заманғы технологиялық үрдістерді, материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды өңдеу, технологиялық үрдістерді басқару жүйелерін әзірлеу;
10. нормативтік құжаттарға сәйкес нанотехнология саласындағы жобалық және техникалық жұмыс құжаттамаларын әзірлеу;
11. жаңа көміртегі бар материалдарды наноөлшемді құрылымдық компоненттермен синтездеу саласындағы кешенді ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;
12. нанотехнология саласындағы өз жетістіктерін объективті түрде бағалай білуге, жаңа құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігін түсінуге қабілетті болу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Нанохимияның даму бағыттары мен заманауи жағдайы-5 ECTS
- Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алудың заманауи әдістері-5 ECTS
- Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды тәжірибелік зерттеудің заманауи әдістері-5 ECTS
- Фуллерендерді жалында алу жолдары-5 ECTS
- Көміртекті нанотүтікшелерді жалында алудың физика-химиялық негіздері-5 ECTS
- Нанотехнологиядағы көміртек құрамды металлорганикалық құрылымдар-5 ECTS
- Нанотехнологияның іргелі негіздері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Наноматериалдардың химиясы-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Көміртекті наноматериалдардың қасиеттері-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Өсімдік шикізаттары негізіндегі көміртекті наноқұрылымды материалдар-5 ECTS
- Композициялық материалдарды механохимиялық алу-5 ECTS
- Композициялық материалдарды электроспиннинг әдісімен алу-5 ECTS
- Плазмада наноматериалдар алуды компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Плазмoхимиялық реакторларда наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу үдерістерін компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Композициялық материалдарды 3D принтинг әдісімен алу-5 ECTS
- Көміртекті нанотүтікшелер, графендер, фуллерендер және гидрофобты күйе-5 ECTS
- Нанобөлшектердің құрылысы мен химиялық қасиеттері-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Зерттеу практикасы-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
Жұмысқа орналастыру
ЖШС «Ин Прометей», ЖШС «Фирма Жайна», ЖШС «Жалын», РГП «Жану проблемалар институты» ЖШС НПТЦ Жалын, ЖШС «Прометей», ЖШС «АлмаДК», ЖШС «НитроСибирьКазахстан», ЖШС «Казфосфат» ЖШС Экспертно –сертификационный центр взрывчатых материалов ЖШС «КазСтройСтекло» ЖШС «Нуркадам» ЖШС «Munai Eco Engineering»
Байланыс
Химия және Химиялық технология факультеті, 1-қабат,каб. 122. әл-Фараби даңғылы, 71 Корпус ГУК5 Кафедра телефоны: 8(727) 211-15-11
БББ бойынша құжаттар
23123123