Білім беру бағдарламасы
инновациялық өнiм/қызмет көрсету процестерiнде сапалы нәтижеге қол жеткiзу үшiн ғылыми қоғамдастық iшiнде тиiмдi ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыруға қабiлеттi орыс филологиясы саласындағы маманды даярлау, сондай-ақ мемлекеттiк билiк органдарымен және кәсiби қоғамдастықтармен, мәдениет, басқару, кiтап шығару, бұқаралық ақпарат құралдарымен коммуникацияны қамтамасыз ету.
ОН1 Әдебиеттану мен тіл білімі теориясының әдіснамалық ережелерінің білімі негізінде филология бойынша ғылыми әдебиеттерге тарихнамалық талдау жүргізу.
ОН2 Филология ғылымының категориялық аппаратын, орыс және шетел әдебиеті теориясы мен тарихының негізгі ережелерін, білім философиясын білуге негізделген әдебиеттану мәселелері бойынша кеңес беру.
ОН3 Ғылыми мәтіннің жасалу заңдылықтары негізінде орыс тілінде ғылыми әдебиеттерге және ғылыми-техникалық құжаттамаға аннотацияларды, рефераттарды, тақырыптық шолуларды басып шығаруға дайындау.
ОН4 Заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, әртүрлі көздерден алынған үлкен көлемдегі ақпаратты жүйелеу және талдау.
ОН5 «Білім үшбұрышы» моделі шеңберінде ғылыми коммуникация жүйесін әзірлеу: ғылым – білім, ғылым – инновация, білім – инновация.
ОН6 Ақпараттық материалдарды, хаттарды, билік органдарына өтініштерді, орыс әдеби тілдерінің нормаларын сақтай отырып, сөйлеу стилистикасы мен мәдениетін білу негізінде сауалдарға жауаптар дайындау.
ОН7 Орыс тілінің нормаларын білу негізінде мемлекеттік билік органдарымен және кәсіби қоғамдастықтармен хат алмасу материалдарын, түрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндерді түзету..
ОН8 Әр түрлі жанрдағы және стильдегі мәтіндерді редакциялау, қолжазбаларды қайта түзету жұмыстарын жүргізе білу.
ОН9 Веб-сайттардың мазмұнына түзетулер енгізу; сандық басылымдарға, онлайн журналдардың мазмұнына, сонымен қатар тіл стандарттарына сәйкестік бойынша түзетулер енгізу.
ОН10 Ғылыми саланың мәселелерін шешу үшін әлеуметтік өзара іс-қимылға бейімділігін көрсете отырып, көп ұлтты көпмәдениетті ұжымда, топта жұмыс істей білу./
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«6В02307 – Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат түлектері кәсіби қызметтің келесі салаларында жұмыс істей алады: кіші ғылыми қызметкер; PR-менеджер; SMM-специалист; баспасөз қызметінің қызметкері; корректор; маман.
«6В02307 – Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасының түлектерін болашақта жұмысқа орналастыра алатын негізгі жұмыс берушілер:
- ғылыми-зерттеу институттары;
- ғылым және ғылыми қызмет саласындағы ұйымдар;
- мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар;
- халыққа білім беру саласындағы ұйымдар;
- басқару саласы;
- БАҚ саласы.
«6В02307 – Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша түлектерінің жұмысқа орналасу талдауы 2022 жылы 100% құрады.
Байланыс
Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 3-4, 3-5
Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1331, 1365)