6B04103 Экономика
Цель: Білім беру бағдарламасының мақсаты - заманауи қоғам дамуының деңгейіне және еңбек нарығының талаптарына сай келетін, экономиканың әр түрлі салаларында экономикалық талдау, бизнес-процесстерді жоспарлау және басқару әдістерін кәсіби қолдана алатын бітірушілерді сапалы дайындау.
Предметы на ЕНТ: Математика и География

Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты - заманауи қоғам дамуының деңгейіне және еңбек нарығының талаптарына сай келетін, экономиканың әр түрлі салаларында экономикалық талдау, бизнес-процесстерді жоспарлау және басқару әдістерін кәсіби қолдана алатын бітірушілерді сапалы дайындау.1. экономикалық дамудың негізгі категорияларын, заңдылықтарын білу және экономикалық субъектілердің мінез-құлқына әлеуметтік институттардың әсерін талдау; экономикалық ілімдер мен теориялардың эволюциясын жүйелеу
2. экономиканың әрекет етуінің негізгі көрсеткіштерін талдау, мәліметтер базасын құру және халықаралық, макро, мезо және микро деңгейлердегі экономикалық процестерді моделдеу
3. эконометрикалық және математикалық әдістерді қолдана отырып экономикалық агенттердің мінез-құлқының және әртүрлі нарықтардың әрекет ету ерекшеліктерін анықтау
4. субъектілердің экономикалық мінез-құлқының психологиялық аспектілері мен тәуекелдерін түсіну және адамның шығармашылық әлеуеті мен оның экономиканың инновациялық креативті дамуына әсерін бағалау
5. оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде, кәсіпкерлік қызметте тәуекелдерді талдау және бағалауда ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы бастапқы деректерді жинау және өңдеу
6. кәсіпорын қызметінде қаржы, бухгалтерлік есеп, маркетинг және логистика, тәуекелдерді басқару саласындағы білімдерді, басқару дағдыларын пайдалану
7. фискалдық және ақша-несие саясатының өңірлердің, салалық нарықтардың және ұлттық экономиканың тұрақты дамуына әсерін бағалау
8. ұйым есептерінде қамтылған қаржылық, бухгалтерлік және басқа да ақпараттарды жасау, түсіндіру және талдау, алынған мәліметтерді басқарушылық, маркетинг және логистикалық шешімдер қабылдау үшін пайдалану
9. инновациялық кәсіпорындар құрудың бизнес-идеяларын әзірлеу үшін логистиканың, маркетингтік зерттеулер тәсілдерін, статистикалық, экономика-математикалық әдістерін таңдау және қолдану
10. қазіргі заман экономикасының тарихы мен теориясын білу, оны талдаудың ғылыми әдістерін қолдану, академиялық жазу дағдыларына ие болу
11. экономика субъектілерінің қызметін, оны есепке алуды жүргізуді және ұлттық экономиканың түрлі салаларын, нарықтары мен өңірлерін дамытудағы мемлекеттік институттардың рөлін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны негіздеу
12. ғылыми зерттеу әдістерін қолдану және нәтижелерді ғылыми мәтіндер түрінде ресімдеу; қазіргі қоғамды тарихи-экономикалық және философиялық тұрғыдан бағдарлау, әл-Фараби мен Абай ілімдерінің қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік негіздерін қалыптастырудағы рөлін түсіну; әлеуметтік және құқықтық институттардың, экологиялық процестердің экономикаға әсерін талдау
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Экономикадағы математика-5 ECTS
- Экономикалық теория-6 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Микроэкономика-5 ECTS
- Оқу-2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Психология)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Мәдениеттану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)-2 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Логистика-5 ECTS
- Менеджмент-5 ECTS
- Маркетинг-5 ECTS
- Қаржы-5 ECTS
- Макроэкономика-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Халықаралық экономика-3 ECTS
- Экономиканы мемлекеттік реттеу-5 ECTS
- Экономикадағы статистикалық әдістер-5 ECTS
- Өндірістік-3 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Бухгалтерлік есеп-5 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Эконометрика-5 ECTS
- Қоғамдық сектор экономикасы-5 ECTS
- Еңбек экономикасы-5 ECTS
- Экономикалық ілімдер тарихы-5 ECTS
- Салалық нарықтар экономикасы-5 ECTS
- Ақпарат экономикасы-5 ECTS
- Ақша, несие, банктер-5 ECTS
- Институционалдық экономика-5 ECTS
- Цифрлық экономиканың негіздері-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Кәсіпорын экономикасы-6 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер-5 ECTS
- Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік стратификация-5 ECTS
- Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы-5 ECTS
- Табиғатты пайдалану экономикасы-5 ECTS
- Инновациялар экономикасы-5 ECTS
- Креативті экономика-5 ECTS
- Экономикадағы деректерді талдау және болжау-5 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Фирма қызметін экономикалық талдау-6 ECTS
- Экономикадағы операцияларды зерттеу-5 ECTS
- Экономикадағы математикалық модельдеу-5 ECTS
- Мінез-құлықтық және эксперементтік экономика-5 ECTS
- Excel-дегі бизнес-аналитика-5 ECTS
- Даму экономикасы-5 ECTS
- Ұлттық экономиканың өзекті мәселелері-5 ECTS
- Өңір экономикасының тұрақты дамуы-5 ECTS
- Академиялық жазу-5 ECTS
- Инвестициялық жобалау-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Өндірістік-8 ECTS
- Диплом алды-8 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
БББ бойынша кадрларды даярлау мынадай кәсіби қызмет салаларына жоспарланған: - экономика және басқару; - сараптық және зерттеу; - өндірістік және технологиялық; - өндірістік және басқару; - өткізу және бөлу; - есептік және жобалау. «Экономика» БББ кәсіби қызметтің келесі түрлері бойынша мамандар дайындайды («Атамекен» ҰКП кәсіптік стандартына сәйкес)): 1. Экономист (жалпы профиль) – СБШ 6 деңгейі; СБШ аясында кәсіптің басқа мамандықтармен байланысы: - Талдаушы-маркетолог (6) - Жобалау менеджері (6) - Бренд-менеджер (6) Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес (ҚР ЕХӘҚМ 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы), БББ түлектері келесі қызметкерлер ретінде талап етілуі мүмкін: 1) Экономист 2) есептеу орталығының (ақпараттық-есептеу орталығының) Экономисі 3) бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау бойынша Экономист 4) шарт және талап-арыз жұмысы бойынша Экономист 5) материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі Экономист (экономист-логистик) 6) жоспарлау бойынша Экономист 7) өткізу бойынша Экономист 8) еңбек жөніндегі Экономист 9) қаржы жұмысы жөніндегі Экономист (қаржы жөніндегі маман)
Байланыс
"Экономика" кафедрасы: 377-33-33 (12-47)
БББ бойынша құжаттар
23123123