7M04117 Есеп және аудит
Цель: Бағдарламаның мақсаты - 7М04117– Есеп және аудит мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттары бухгалтерлік есеп, аудит және талдау саласында терең ғылыми, педагогикалық, кәсіптік білімдері мен тәжірибелік дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге, аналитикалық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Предметы на ЕНТ: Бухгалтерлік есеп негіздері и Аудит

Білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты - 7М04117– Есеп және аудит мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттары бухгалтерлік есеп, аудит және талдау саласында терең ғылыми, педагогикалық, кәсіптік білімдері мен тәжірибелік дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге, аналитикалық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
ON1 Қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу, ғылыми-зерттеу, ғылыми және әдістемелік қызметті жүзеге асыру және ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның әлеуметтенуін дамытуға бағытталған білім беру үрдісін құру.
ON2 Кәсіби біліммен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындықты бағалау, проблемалық мәселелерді жүйелеу, бухгалтер мен аудитордың құқықтық этикасы нормаларын сақтай отырып, кәсіби пікірлерге негізделген оңтайлы шешімдерді табу;
ON3. Сенімді ақпаратты қалыптастыруда қаржылық есептілік нысандарын шоғырландыру рәсімдерін ұсыну және жүргізу, ғылыми-зерттеу жобаларын талдау қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушыларға сараланған және негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ашу және экономикалық талдауды есептеу әдістемесін ұсыну және жүргізу;
ON4 Магистрлік бағдарламаның іргелі және қолданбалы пәндерін білуді пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу. Зерттеудің өзекті бағыттарын анықтау және кәсіби саладағы мәселелерді анықтау;
ON5 Бизнес-талдау және ұйымның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері мен әдіснамасын қолдана отырып, бизнес-процестердің, бизнес-жоспарлаудың дамуын талдау, сондай-ақ Microsoft Excel негізінде білімді модельдеудің математикалық білімдерін қалыптастыру және бухгалтерлік есепте модельдеу әдістерін қолдану;
ON6 Қаржылық есеп жүйесінде ақпарат дайындау және ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті дайындау, қаржылық есептілік ақпаратын талдау және түсіндіру және алынған ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану;
ON7 ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңының талаптарына және халықаралық аудит стандарттарына сәйкес қаржылық есептіліктің аудитін, салық және экологиялық аудит жүргізу және тиісті аудиторлық қорытынды мен жеткілікті, қисынды және түсінікті негіздемесімен басқа қорытынды құжатты әзірлеу және қалыптастыру;
ON8. Бухгалтерлік және салықтық есептілікті құру, қалпына келтіру, жүргізу, қаржылық және салық есептілігіне аудит жүргізу бойынша қызметтерді көрсетудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
ON9 Бухгалтерлік және аналитикалық ақпарат негізінде бизнестің тиімділігін басқару нұсқаларын әзірлеу, ұзақ мерзімді перспективада ішкі және сыртқы ортаны бағалау, стратегиялық тәуекелдерді бақылау және ұйым қызметінің мақсатты көрсеткіштері жүйесін талдау;
ON10 Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді анықтау, ұзақ мерзімді перспективада ішкі және сыртқы ортаны бағалау, стратегиялық тәуекелдерді бағалау және бақылау, ұйым қызметінің мақсатты көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және талдау, ұйым қызметі туралы стратегиялық шешімдер қабылдау үшін ақпаратты қамтитын пайдаланушыларға ішкі есеп нысандарын ұсыну;
-ақ бизнес-процестердің рентабельділігін арттыру
ON11 Аудиторлық топтың жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік аудитті, қаржылық және ішкі бақылауды, сондай-ақ мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануды талдауды және есепке алуды ұйымдастыру процесінде басқару шешімдерін қабылдау;
ON12 Кәсіпорындардағы күрделі қаржылық жағдайлар мен проблемаларды шешу үшін тұрақты қаржылық тұжырымдамалар мен модельдерді, сондай-ақ қаржы институттарының тәуекелдерін басқарудың өзекті әдістерін қолдану және түсіндіру. ҚР қазіргі заманғы қаржы институттарының құрылымын, функциялары мен негізгі даму үрдістерін бағалау
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Ішкі аудит-5 ECTS
- Бизнес-талдау және ұйымның бәсекеге қабілеттілігін бағалау-5 ECTS
- MS Excel ортасында бухгалтерлік есепті модельдеу-5 ECTS
- Бизнес-талдау (ілгерлемелі)-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Қаржылық есеп (ілгермелі)-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Excel көмегімен деректерді талдау және визуализациялау-5 ECTS
- Мемлекеттік мекемелердегі есеп және бақылау әдістемесі-5 ECTS
- Бизнес тиімділігін басқаруды есептік-талдамалық қамтамасыз ету/-5 ECTS
- Қаржылық есептілік аудитi (ілгермелі)-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Бухгалтерлік есеп, аудит және талдауды цифрландырудың заманауи жүйелері-5 ECTS
- Стратегиялық есеп және талдау-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Шоғырландырылған қаржылық есептілік-5 ECTS
- Мемлекеттік аудиттің әдіснамасы-5 ECTS
- Қаржы институттары: қызметі, реттеу және тәуекелдер-5 ECTS
- Салық аудитінің әдіснамасы-5 ECTS
- Қаржылық бақылау және мемлекеттік аудит-5 ECTS
- Ілгеріленген қаржылық менеджмент-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Түлектері келесідей салаларда жұмыс істей алады: – ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, екінші деңгейлі банктер, Салық комитеті, Қазынашылық, Кеден органдары, сақтандыру компаниялары; – ҚР Президентінің аппараты, ҚР Парламентінің аппараты, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелері, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, жергілікті басқару органдары; – Ұлттық компаниялар, концерндер, халықаралық корпорациялар; – Транспорттық, өндірістік, консалтингтік, аудиторлық және логистикалық компаниялар, жарнама және маркетингтік агенттіктер, – Экономика саласындағы ғылыми-зерттеу институттары мен басқа да меншіктің барлық нысандарындағы заңды тұлғалар
Байланыс
Султанова Бакыт Битахановна 8(707)699-26-24 электрондық пошта bbakut_sul@mail.ru
БББ бойынша құжаттар
23123123