Білім беру бағдарламасы
Мамандандырылған ҒЗИ, жоғары оқу орындары, ғылыми-өндірістік ұйымдар мен қауымдастықтар, ұлттық және өңірлік жер комитеттері, мемлекеттік басқару органдары мен бейінді министрліктер үшін геоинформатика және Жерді қашықтықтан зерделу саласындағы ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы жоғары білікті кадрларды сапалы даярлау. Бағдарламаны іске асыру төмендегідей мүмкіндігі бар мамандарды қалыптастыруға бағытталған:
– таңдаулы кәсіби салада, оның ішінде оқытушылық қызметте заманауи геоинформатика бойынша білімді, әдістерді және құзыреттілікті өз бетінше алу және түсіндіру;
– қоғам өмірі мен қызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау нәтижелерін түсіндіру;
– жеке ғылыми және қолданбалы зерттеулерде аралас ғылыми салалардың қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдерін интеграциялау;
– географиялық деректер базасы мен ГАЖ ортада бағдарламалау және Мемлекеттік шаруашылық игеру бағдарламаларын іске асыру кезінде үлкен деректерді талдау қажеттілігін негіздеу;
– инновациялық оқыту әдістерімен қамтамасыз ету негізінде ғылыми-білім беру процесінің тиімділігін арттыру;
– ары қарай ғылыми-зерттеу қызметінің жеке бағдарламасын құру.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Кеңістіктік-уақытша талдау және деректерді зияткерлік талдау-5 ECTS
- Геокеңістік мәліметтер туралы ғылым үшін бағдарламалау-5 ECTS
- ЖҚЗ деректері бойынша қоршаған орта мониторингінің сандық технологиялары-5 ECTS
- ГАЖ жобаларды басқару-5 ECTS
- Кеңістіктегі деректер қоры және деректерді басқару-5 ECTS
- ҚР Жер кадастрының ақпараттық жүйелерін автоматтандыру-5 ECTS
- Кеңістіктік талдау және гео есептеулер-5 ECTS
- ГАЖ технологиясын қолдана жер мониторингін жүргізу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
- Қортынды аттестация-12 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Түлектің кәсіби қызметі:
геоматика саласы; жобалау және инженерлік ізденістер ҒЗИ; мемлекеттік мекемелер; проблемалық-бағдарланған ГАЖ құрумен айналысатын компаниялар; құрылыс сәулет-жобалау, көлік компаниялары; ғарыш өнеркәсібі компаниялары; ЖҚЗ кешендерін әзірлеу мен пайдалануды жүргізетін IT-индустрия. Жұмыспен қамту – 100%.
Байланыс
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 315, 313, 303, 112 ауд.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1274; 1349; 1224; 1481
E-mail:erkinkakimzhanov@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123