Білім беру бағдарламасы
Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми және басқару қызметі үшін жоғары білікті мамандарды теориялық және эксперименталдық негізде экологияның перспективалы салаларында барабар методологияны таңдай отырып, дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға және өндірісте экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дербес басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті табиғи жүйелерді ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлерінде экологиялық процестерді зерттеу бойынша сапалы даярлау.
1. тендендтерді,байланыстар мен паттерндерды анықтау және қоршаған ортаны жүйелі талдау үшін статистикалық әдістерді қолдану;
2. өндірістің әртүрлі салалары үшін экологиялық таза технологияларды қолданудың экономикалық орындылығын негіздеу;
3. тірі организмдердің экологиясы және қоршаған ортаны қорғау саласында зертханалық өлшеулерді және үлгілерді әртүрлі алу әдістерімен ғылыми тәжірибелер жүргізу;
4. оқу үрдісінде қолдану үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа бағыттардың ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру;
5. экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды саралап қолдану;
6. өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа бағдарламалық өнімдер мен математикалық әдістерді қолдана отырып экологиялық және техногендік қатерлерді есептеу;
7. академиялық және кәсіби контекст шеңберінде қоғамның инновациялық технологиялық, әлеуметтік және мәдени тұрақты дамуына жәрдемдесу;
8. табиғи ресурстарды тиімді басқару және экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін бағдарламалар әзірлеу;
9. қоршаған ортаның ластануын одан әрі болдырмау үшін табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен экожүйелердің даму бағыттарын болжау;
10. экология жәнет тірі организмдер биоэнергетикасы саласында жаңа идеялардың синтезі негізінде бірегей зерттеуді оның нәтижелері ғылыми зерттеулерді одан әрі жылжыту үшін референттік басылымдарда жарияланатын негізде жүзеге асыру;
11. іргелі экологияның нақты міндеттерін шешу кезінде дала зерттеулерінің дизайны мен технологиясын әзірлеу, міндеттер қою;
12. кең ғылыми қоғамдастыққа және жұмыс берушілерге ғылыми қолданбалы нәтижелерді таныстыру.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама бітірушілерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер болып табылады.:
1.Қазақстан университеттері (мысалы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ; А. Яссауи атындағы ХҚТУ.; Шәкәрім университеті; С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті);
2. ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар (мысалы, География институты; Зоология институты, "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС, " Ғарыш Экология");
3. ұлттық компаниялар (мысалы, "Теңізшевройл", " Эйр Астана»);
4. экологиялық компаниялар (ҚҚЭА, " Экотерра»);
5. өнеркәсіптік кәсіпорындар ("Қазмырыш" және т.б.).
Білім беру бағдарламасы келесідей нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті болып табылады:
1. ғылыми-зерттеу;
2. ұйымдастыру-технологиялық;
3. өндірістік-басқару;
4. жобалау;
5. білім беру.
Байланыс
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 6, 3, 2 каб.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1604; 1906; 3135
E-mail: guldana.mg@gmail.com