Білім беру бағдарламасы
Бітірушілер математика салаларында тереңірек білім алу және ағымдағы зерттеулерге талдау жасайтын, жоғары оқу орындарында сабақ беретін, әкімшілік және зерттеу жұмыстарын сәтті жүзеге асыратындай болу керек.
-Алғашқы мәндерді критикалық бағалау және коммуникация мәселелерін шешуге байланысты жүйелік дағдыларын қалыптастыру. Практикалық есептеу техникалары мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз ету.
ON 1. Инновациялық педагогикалық технологияларын, математикалық пәндерді оқыту әдістемесін қолдану; бағалау құралдарын, нұсқаулықтарды әзірлеу;
ON 2. Пәннің облысындағы терең жүйелік білім негізінде қолданбалы түсіндірулерді беру, спектрлік есептердің күрделілігін талдау;
ON 3. Роботтық жүйелердің динамикасын сыни бағалай отырып, манипуляторлардың кинематикалық схемаларын дайындау;
ON 4. Қазақстан Республикасының көптілді және көпмәдениетті қоғамында қарым-қатынас жасау және халықаралық алаңда топта жұмыс жасау үшін тілдік және мәдени лингвистикалық білімдерді сауатты пайдалану.
ON 5. Заманауи программалау тілдерін және компьютерлік модельдеуді қолданып, жаратылыстану ғылымдарында есептерді шешу үшін программалық пакеттерді әзірлеу;
ON 6. Әртүрлі функционалдық және топологиялық кеңістіктердегі сызықты және сызықты емес операторлар арқылы модельдерді түрлендіру;
ON 7. Электр энергетикалық жүйелер жұмысының орнықтылығына қатысты зерттеулер жүргізу;
ON 8. Математикалық және статистикалық әдістерді қолданып, қолданбалы есептерді зерттеу процесстерін құрастыру;
ON 9. Нөмірлеу теориясы бойынша дерекқорларда әртүрлі сұрауларға арналған іздеу алгоритмдерін жасау;
ON 10. Модельдеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігін бағалап, тәжірибелерді жоспарлау және жүргізу;
ON 11. Интегралды-дифференциалдық теңдеулер үшін шекаралық есептерін шешудің конструктивтік әдістерін жасау;
ON 12. Лабораториялық және сандық эксперименттер жүргізіп, өзіндік ғылыми зерттеулерінде модельдеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігін бағалау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет салалары: ғылыми-зерттеулер саласы; білім беру салалары; эксперименттік зерттеу саласы; өндірістік емес экономика; ақпараттық-есептеу қызметтері; әкімшілік және басқарушылық.
Кәсіптік қызмет саласының объектілері: академиялық ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары, университеттер, институттар, жалпы білім беретін ұйымдар, гимназиялар, лицейлер, орта кәсіптік оқу орындары; ғылыми-зерттеу ұйымдары; ғылыми-өндірістік бірлестіктер, ғылыми орталықтар, қаржы институттары, сақтандыру және аналитикалық және т.б. компаниялар.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 4 қабат, 418 кабинет.
Кафедра телефоны: 8 (727) 221-15-69