6B04201 Халықаралық құқық
Цель: Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарда, құқық қорғау органдарында, соттарда, төреліктерде, басқа да құқықтық институттарда, қазақстандық, шетелдік және халықаралық компанияларда халықаралық құқықты, ҚР және шет елдердің заңнамаларын, шет тілін білетін заңгердің кәсіби функцияларын орындауға қабілетті мамандарды сапалы даярлау.
Предметы на ЕНТ: Дүниежүзі тарихы и Құқық негіздері

Білім беру бағдарламасы
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарда, құқық қорғау органдарында, соттарда, төреліктерде, басқа да құқықтық институттарда, қазақстандық, шетелдік және халықаралық компанияларда халықаралық құқықты, ҚР және шет елдердің заңнамаларын, шет тілін білетін заңгердің кәсіби функцияларын орындауға қабілетті мамандарды сапалы даярлау.
Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесідей іс әрекетерге мүмкін болады:
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының халықаралық құқыққа сәйкестігін бағалау; Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі нормативтік құқықтық актілерінің сараптама бағасын және құрастыруын жүзеге асыру.
2. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық құқық нормаларын және ішкі заңнамасын нақты жағдайларға қолдану; сыртқы сауда мәмілелерін жасау үшін серіктестермен келіссөздер жүргізу.
3. Тарихи және заң тұрғысынан адам құқықтарына қатысты халықаралық-құқықтық нормаларды талдап, оларды мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарда, құқық қорғау және сот органдарында сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету.
4. Сот, прокурорлық-тергеу, адвокаттық және нотариаттық іс-әрекеттерді реттейтін құқықтық нормаларды қолдану, құқықтық және іс жүргізу құжаттарын ресімдеу, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде жария сөйлеу негіздеріне ие болу..
5. Сыртқы саясатты және халықаралық құқықтық ақпаратты жүйелеуге және жинақтауға, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігі, экономика мен бизнесті құқықтық реттеу туралы анықтамалық және аналитикалық шолулар дайындау; дипломатия және халықаралық қауіпсіздік.
6. Білікті заңи қорытындылар мен кеңестер беру; халықаралық құқық пен ҚР заңнамасына дәл сейкес заңи іс-әрекеттерді жүзеге асыру; заңи, халықаралық-құқықтық және сыртқысаяси құжаттардың жобасын дайындау.
7. Қылмыстарға жол бермеу, оларды жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау және жою; заңсыз мінез-құлықты бағалау және қудалау; ашу, тергеу, қылмысты квалификациялау.
8. Шетел тілін кәсіби деңгейде ауызша және жазбаша түрде игеру, оны кәсіби қызметте қолдану; ақпарат алу, деректерді есептеу, есеп беру, іскерлік хат алмасу үшін қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
9. Ақпараттық технологияларды пайдалануды қоса алғанда, зерттеу жүргізу; алынған нәтижелерді бағалау; ауызша және жазбаша түрдегі ғылыми қызметтің нәтижелерін ұсыну; ғылыми эсселер, баяндамалар, ғылыми мақалалар, дипломдық жұмыстарды жазу, ғылыми жобаларға қатысу.
10. Халықаралық заңгердің кәсіби қызметін жүзеге асыруды тиімді түрде ұйымдастыру, үнемі өз квалификациясын көтеру және магистратурада оқуды жалғастыруға дайын болуы.
11. Әлемнің тарихи-құқықтық, философиялық, діни көрінісінің әмбебап, жүйелік талдауын жүзеге асыру, ғылыми мәселені жүргізудің ғылыми пайымдаулар қабілеттілігін көрсету.
12. Өзінің көзқарасың қалыптастыра алу; топта жұмыс істей білу; отансүйгіштік, әділдік, құқықтық мәдениет, азаматтық және төзімділік қағидаттарына негізделген жеке қарым-қатынас дағдыларын игеру.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Мемлекет және құқық теориясы-6 ECTS
- Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Психология)-2 ECTS
- Кәсіби (оқу)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Мәдениеттану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)-2 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)-5 ECTS
- Құқықтық және саяси ілімдер тарихы-5 ECTS
- Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)-5 ECTS
- Халықаралық қызметтегі шет тілі -1 бөлім-3 ECTS
- ҚР-ң және шет елдердің еңбек құқығы-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Халықаралық жария құқық-6 ECTS
- Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)-5 ECTS
- Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)-5 ECTS
- Халықаралық қызметтегі шет тілі - 2 бөлім-3 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практика-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Халықаралық жеке құқық-5 ECTS
- Халықаралық қылмыстық құқық-5 ECTS
- ҚР мен шетелдердің азаматтық іс жүргізу құқығы-5 ECTS
- Сот сараптамасы: ұйымдастыру және өндіріс-5 ECTS
- Шет тіліндегі іскерлік хат алмасу-5 ECTS
- ҚР-ң кеден құқығы-5 ECTS
- Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу-5 ECTS
- Іскерлік шет тілі-5 ECTS
- Қылмыстық сот әділдігінің халықаралық стандарттары-5 ECTS
- Аударманың теориялық және практикалық негіздері-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Халықаралық азаматтық процесc-6 ECTS
- ҚР және шетелдердің қылмыстық іс жүргізу құқығы-5 ECTS
- Көліктік тасымалдауды халықаралық-құқықтық реттеу-5 ECTS
- Лаңкестікпен халықаралық-құқықтық күрес-5 ECTS
- Қылмыстарды квалификациялау теориясы-5 ECTS
- Халықаралық сауда құқығы және ДСҰ-5 ECTS
- Ауызша аударма негіздері-5 ECTS
- Дипломатиялық және іскерлік келіссөздердің шет тілі-5 ECTS
- Заңнамалық және ресми-іскерлік құжаттар аудармасы-5 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практика-4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Дипломатиялық және консулдық кұқық-5 ECTS
- Халықаралық ұйымдар құқығы-5 ECTS
- ҚР салық құқығы-5 ECTS
- Адам құқықтарының халықаралық құқығы-5 ECTS
- Халықаралық қаржы құқығы-5 ECTS
- Интеллектуалдық меншік құқығы-5 ECTS
- Әкімшілік кұқық және әкімшілік іс жүргізу-5 ECTS
- Кәсіби бағдарлы шетел тілі-6 ECTS
- Халықаралық және ҚР-ң ішкі мемлекеттік құқығындағы нотариат-5 ECTS
- Халықаралық және ҚР-ң ішкі мемлекеттік құқығындағы адвокатура-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практика-8 ECTS
- Кәсіби (диплом алдындағы) тәжiрибе-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Мемлекеттік органдардың және басқа да мемлекеттік емес құрылымдардың заң бөлімдері, құқық қорғау органдары, ұлттық және шетелдік компаниялар, заң фирмалары, халықаралық үкіметаралық ұйымдар, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, университеттер.
Байланыс
Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы ішкі тел. 17-75
БББ бойынша құжаттар
23123123