6B03105 Аймақтану
Цель: Отандық және халықаралық еңбек нарығының және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес студенттердің жалпымәдени, жалпыкәсіби және кәсіби біліктілікті қалыптастыру, саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі білімі бар, аймақтық үдерістердің күрделі мәселелерін сараптауда және олардың нәтижелерін тәжірибелік қызметте пайдалану мүмкіндігіне ие білікті бакалаврларды сапалы даярлау.
Предметы на ЕНТ: Дүниежүзі тарихы и Шет тілі

Білім беру бағдарламасы
Отандық және халықаралық еңбек нарығының және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес студенттердің жалпымәдени, жалпыкәсіби және кәсіби біліктілікті қалыптастыру, саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі білімі бар, аймақтық үдерістердің күрделі мәселелерін сараптауда және олардың нәтижелерін тәжірибелік қызметте пайдалану мүмкіндігіне ие білікті бакалаврларды сапалы даярлау.
1. әлемдік-тарихи үдерістер мен халықаралық қатынастардың және әлем елдерінің тарихи дамуының негізгі тенденциялары мен заңдылықтарын, олардың сыртқы саяси бағыттарының даму заңдылықтарына, сыртқы саясатының қалыптасуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды, аймақтанудың тұжырымдамалық негіздерін, халықаралық қатынастардың теориялары, ғылыми концепциялары мен парадигмаларын сараптайды және ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқытушылық қызметте пайдалануға қабілетті болады.
2. Ақпараттық-сараптамалық қызметте пайдалану үшін дүниежүзі тарихының біртұтастығын және жүйелілігін сипаттайтын негізгі фактілер, үдерістер мен құбылыстарды, жаһандану үдерістерінің қарқынын және оның халықаралық қатынастарға ықпалын, халықаралық қатынастардағы негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, экологиялық, мәдени ерекшеліктерін, аймақтардың геосаяси даму ерекшеліктерін өздігінен сараптауға қабілетті болады.
3. Еліміздегі ғылыми-зерттеу институттары мен Орталықтары үшін мемлекеттердің сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың, халықаралық алаңдағы оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарының өзара байланысын сараптауға, халықаралық қатынастар, экология, геосаясат, геоэкономика теориясы мен ғылыми тұжырымдамалар негізінде аймақтық үдерістерді сараптауға, Қазақстанның, сондай-ақ мамандану аймағы елдерінің мүдделері мен ұстанымдарын қозғайтын маңызды халықаралық мәселелерге талдау, болжау жасауға қабілетті болады.
4. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің сыртқы және қауіпсіздік саясатының негізгі бағыттарын, мемлекеттердің сыртқы саясаттарындағы геосаяси факторлардың өзара әрекеттесу заңдылықтарын, дипломатиялық және консулдық қатынастардың субъектілері мен объектілерін және заманауи дипломатиялық практиканың нысандары мен әдістерін, халықаралық қатынастар теориясының негізін, заңдылықтары мен табиғатын сараптайды және ҚР СІМ, мемлекеттік ведомстволар, шет елдердегi Қазақстан өкiлеттiгi қызметінде пайдалануға қабілетті болады.
5. шетел тілінде мамандық бойынша мәтіндерді сараптауға, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша шетел тілінде пікірсайысқа қатысуға, өз көзқарастарын жазбаша негізде дәлелді баяндауға және шетел тілінде қоғамдық-саяси және сауда-экономикалық бағыттағы ғылыми және ақпараттық талдау басылымдарының жинағын, дипломатиялық құжаттарды еліміздің СІМ мен басқа да мекемелері үшін дайындауға қабілетті болады.
6. ҚР СІМ-де, халықаралық және қоғамдық ұйымдарда кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде іс қағаздарын жүргізу, ақпараттық құжаттар дайындау, дипломатиялық қызмет негіздері, мемлекеттік протокол, келіссөздер жүргізу теориясын практикада қолдану үшін іскерлік қарым-қатынас өнері дағдыларын меңгереді.
7. қауіпсіздік, интеграция және қақтығыстар теориясы негізінде әлемнің түрлі өңірлеріндегі аймақтық және ғаламдық, ақпараттық қауіпсіздік, экономикалық, экологиялық мәселелерді сараптауға дағдыланады және білімін мемлекеттік құрылымдар мен ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарда қызметте пайдалануға қабілетті болады.
8. Кәсіби деңгейде ауызша және жазбаша түрде шет тілін меңгере отырып, оқыған шеттіліндегі БАҚ материалдарын, кəсіби байланыс саласы шеңберінде шет тіліндегі баспа жəне дыбыс мәтіндерінің түпнұсқаларын түсіндіре отырып, кәсіби қарым-қатынас саласында өз көзқарастарын дәйекті түрде ұсынады және алған білімін мәдени-ағартушылық, орта кәсіби білім жүйесінің мекемелері мен аудармашы қызметте пайдаланады.
9. Мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздік мәселесін, ҚР сыртқы саясатының стратегиялық бағыты мен нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық қатынастар теориясының даму үрдісін, қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі мәселелерін,әлемдік саяси үрдістің негізгі сипаттамаларын, халықаралық қатынастардағы қақтығыстардың әсерін меңгерген дипломатия мен шетел тілдерінің әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, сараптайды және және мемлекеттік ведомстволар, халықаралық байланыстарды қолдайтын немесе халықаралық мәселелермен айналысатын және қоғамдық бірлестіктерде қызметте пайдалануға қабілетті болады.
10. Аймақтану сипатындағы ақпараттарды, ақпараттық қауіпсіздіктің өзгеру заңдылығы мен мәселесін сараптауға және жүйелеуге, жаһандық саяси үдерістердің дамуының негізгі оң және теріс жақтарын бағалауға, аймақтық қақтығыстарды реттеу жобаларын дайындау барысында дипломатиялық, саяси-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық және күш қолдану әдістерін пайдалануға қабілетті болады.
11. Әлем және мамандану аймағы елдерінің физикалық-географиялық, тарихи, саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, демографиялық, лингвистикалық, экологиялық, мәдени, діни және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып кешенді сипаттамасын жасауға және мамандану аймағы елдері мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын саралауға қабілетті болады.
12. Халықаралық ұйымдар мен еліміздің мемлекеттік құрылымдарының мүддесіне сай сыртқы саясат және халықаралық саяси талдау дағдыларын меңгере отырып, шет тілдерінде дипломатиялық протокол, іскерлік келіссөздер жүргізу әдістерін пайдалана отырып, халықаралық кездесулер, конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер өткізуге қабілетті болады.
13. Әлемдік және ұлттық философияның, мәдениеттің дамуы туралы, қоршаған ортаны қорғау, адам тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы объективті білім қалыптастыру
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер: 1. Ғылыми-зерттеу институттары мен Орталықтар (ҚСЗИ, ӘЭСИ, Альтернатива) 2.Мемлекеттік құрылымдар (министрліктер, қалалық және аудандық әкімдіктер) 3.Халықаралық бірлестіктер мен қорлар 4. Бизнес-құрылымдар Бiлiм беру мекемелерiнiң түлектерiне еңбек нарығындағы сұраныс білім беру тиімділігінің маңызды көрсеткiштерi болып табылады. Аймақтық және республикалық деңгейдегi потенциалды түлектердi тұтынушылармен тығыз қарым-қатынастар орнатылған. Халықаралық қатынастар саласындағы мамандарға мемлекеттiк құрылымдар, ҚР басқармасы мен мемлекеттiк билiк органдары, шет елдердегi Қазақстан өкiлеттiгi, халықаралық институттар мен ұйымдар, халықаралық қатынастар мәселелерiмен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық байланыстар ұстанатын немесе халықаралық мәселелермен айналысатын бизнес-құрылымдар, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдар мұқтаж. Бағалаудың критерийлерін әзірлеуде және берiлген ОБ-ның құзыреттілігін жинақтау кезінде жоғары оқу орындарының түлектеріне қазіргі жұмыс берушінің талаптарын сараптау ескерiледi, олар ең алдымен: жоғарғы кәсiбилiк, бiрiншi кезекте мамандық бойынша тәжiрибелiк дайындық, мамандық бойынша теоретикалық бiлiмнiң болуы, ұйымдастыру қабiлетi, ақпаратты сараптау және жылдам iздеу қабiлетi, пәнаралық ойлау және келiп түскен ақпаратты сараптау, кез келген жағдайдың болашағына негiзделген болжамдар жасау және шешiмдердi қабылдау, сараптамалық хаттарда, пресс-релиздерде және басқа да құжаттарда өз ойын мазмұнды және қысқаша жеткiзуге қабiлеттi. ОБ сапасы жүйесiн әзiрлеу кезiнде кафедра Қазақстанда жұмыс жасайтын (оның iшiнде ғылымды қажет ететiн, инновациялық салалар) мемлекеттiк және бизнес-құрылымдардың пiкiрiн ескердi. Кафедра оқытушыларының ( оның iшiнде кафедра түлектерiнiң байланыстары арқылы) әзiрлеген iскерлiк қатынастары үнемi мониторинг жүргiзiп отыруға, ОБ бағалау критерилерiне қажеттi түзетулер енгiзуге, сонымен қатар, сыртқы бағалау үшiн экспортты пiкiрлердi тартуға мүмкiндiк бередi.
Байланыс
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95А ғимараты, 208 кабинет. Пошта индексі: 050040. Байланыс телефоны: +7(727)-377-33-33, қосымша 17-78. Веб парақша: https://www.kaznu.kz/ru/6142/page/
БББ бойынша құжаттар
23123123