7M07119 Ғарыштық техника және технологиялар
Цель: Ғарыштық техника және технологиялар саласында, терең жүйелік білім мен құзыреттіліктерге ие, өздігінен ғарыш жүйелерін жобалау, қолдану, сонымен қатар ғарыштық мониторингтің өзекті ғылыми есептерін анықтап, шеше алатын, ғылым және білім беру саласында, Жерде және ғарышта ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер жүргізумен айналысатын, ҚР ғарыш саласындағы мекемелер мен зертханаларда және халықаралық ғылыми орталықтарда қызметке сұранысқа ие, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау.
Предметы на ЕНТ: Физика и Математика

Білім беру бағдарламасы
Ғарыштық техника және технологиялар саласында, терең жүйелік білім мен құзыреттіліктерге ие, өздігінен ғарыш жүйелерін жобалау, қолдану, сонымен қатар ғарыштық мониторингтің өзекті ғылыми есептерін анықтап, шеше алатын, ғылым және білім беру саласында, Жерде және ғарышта ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер жүргізумен айналысатын, ҚР ғарыш саласындағы мекемелер мен зертханаларда және халықаралық ғылыми орталықтарда қызметке сұранысқа ие, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау.
1.ON1 ғарыштық техника және технологиялардың қазіргі күйін көрсететін, заманауи мәселелердің даму үрдісі мен өзекті бағыттарын түсіндіру және олар туралы терең білімдерін жалпылау, сонымен қатар есептің пәнаралықтығын анықтауда бағдарлау;
2.ON2 GEO немесе LEO серіктерінде аналогты немесе сандық модуляция арқылы сөздік, бейне немесе деректер сигналдарын жіберу үшін пайдаланылатын серіктік байланыс жүйелерін жобалау;
3. ON3 Жер бетін бақылауға арналған ғарыштық технологияларды экономиканың маңызды есептерін, соның ішінде ауыл шаруашылығы, экология, қорғаныс, төтенше жағдайлар мониторингі мәселелерін шешу үшін пайдалану;
4. ON4 инженерлік бағдарламалық қамтама жасау, сонымен бірге оны талдау, жобалау, тестілеу және ендіру;
5. ON5 роботтандырылған ғарыштық жүйелердің құрылымын түсіну және ғарыштық техника және технологиялар саласында арнайы есептерді шешу үшін пайдаланылатын робототехникалық жүйелерді жобалау;
6. ON6 ғарыш аппаратының борттық жүйелерінің негізгі параметрлерін анықтау үшін есертеулер жүргізу, сонымен қатар математикалық модельдеу және CAD құралдарды қолдана отырып талдау жасау;
7. ON7 практикалық және кәсіби қызметте табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін шешу үшін қоршаған ортаны зерттеу және басқару мониторингі әдістерін қолдану;
8. ON8 ғарыштық жүйелер мен оның ішкі жүйелерін жобалаудың және сынаудың кезеңдерін және қағидаларын анықтау үшін жүйелік талдау әдістерін, параметрлерді анықтау және тиімділік әдістерін пайдалану;
9. ON9 инженерлік жағдайларда әдептік және кәсіби жауапкершілікті сыни бағалау, инженерлік шешімнің жаһандық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәнмәтіндегі әсерін ескере отырып, негізделген шешімдер қабылдау;
10. ON10 басқарудың заманауи тәсілдемесі негізінде құрылымды, сапаны, репутацияны жетілдіруге бағытталған білім беруді ұйымдастыру үдерістерін талдау және басқару;
11. ON11 басқару психологиясы тарапынан өмірлік және кәсіби жағдайларды сыни бағалауға; өзіндік және ұжым потенциалын дамыту үшін басқару психологиясы бойынша білімдерді тиімді пайдалану;
12. ON12 өздерінің ғылыми зерттеулеріне және заманауи ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер мен техникаларды анықтау, озінің қорытындыларын және оларды тұжырымдауға пайдаланған білімдерін жариялау, сонымен қатар, мамандар мен маман еместерге негіздеу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Серіктік байланыстың заманауи принциптері-5 ECTS
- Ғарыш аппараттарының қозғалысын және навигациясын басқару жүйелерін жобалау-5 ECTS
- Серіктік мәліметтерді өңдеудің заманауи әдістері-5 ECTS
- Сандық фотограмметрикалық жүйелердің негіздері-5 ECTS
- Жерді бақылауға арналған ғарыштық технологиялар-5 ECTS
- Ғарышқа ұшу динамикасының заманауи мәселелері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Заманауи гироскоптық жүйелер-5 ECTS
- Жерді қашықтықтан зондтау серіктерінің оптикалық және радарлық жүйелері-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғарыш аппаратының нысаналы аппаратурасы-5 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Инженерлік жүйелерге арналған тиімділік әдістері-5 ECTS
- Қоршаған ортаның мониторингі үшін GEONETCast және ILWIS бағдарламаларын қолдану-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Ғарыштық факторлар және олардың ғарыш аппараттарына әсері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Инженерлік бағдарламалық қамтаманы жасау-5 ECTS
- Роботтандырылған ғарыштық жүйелер-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Қолданбалы микроэлектроника-5 ECTS
- Микросұлбалардағы жүйелерді жобалауға арналған CAD құралдары-5 ECTS
- Ғарыштық құрылғыларды сынау жүйелері-5 ECTS
- Жер туралы қолданбалы ғылымдар және экологиялық менеджмент-5 ECTS
- Қоршаған ортаны математикалық модельдеу-5 ECTS
- Табиғи ресурстарды мониторингілеу және басқару-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Ғарыш аппараты жүйелерін пайдалану жағдайларын модельдеу-5 ECTS
- Күрделі техникалық құралдарды компьютерлік басқару-5 ECTS
- Серіктік навигацияның заманауи технологиялары-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
7М07119 – Ғарыштық техника және технологиялар мамандығының магистранттары кәсіптік қызметтің келесі түрлерін атқара алады: ғылыми-өндірістік және өндіріс орындарында ғылыми-техникалық қызмет; жоғарғы оқу орындарындағы оқытушы қызметі; ғылыми-өндірістік және өндірістік мекемелерде, сондай-ақ білім беру және ғылым саласында басқару қызметі; ғарыштық техника мен технология саласындағы мамандандырылған қызметтердегі жұмыс.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 1 - қабат, 112 кабинет Телефоны: Анықтама: 8 (727) 377-33-33 , Кафедраның ішкі номері (15-80). +7 777 824 23 68, Алуа
БББ бойынша құжаттар
23123123