Білім беру бағдарламасы
Ғарыштық жүйелерді жобалау және пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздерін терең үйрену арқылы, сонымен қатар жақын салалар мен сандық технологиялар туралы білімдерін қолдана отырып, ғарыштық техника және технологиялар, білім салаларында инновациялық қызметке қабілетті; жаңа тұжырымдамалы білім құруға, оны мамандарға дәлелді түрде баяндауға және ғылыми ізденістер қорытындыларын жоғарғы рейтінгілі халықаралық журналдарға мақала түрінде рәсімдеуге қабілетті, жоғарғы білікті ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды дайындау.
1.ON1 жүргізілген тәжірибелер, бақылаулар, қашықтықтан зондтау негізінде алынған мәліметтер жиынындағы заңдылықтар мен үрдісті анықтау үшін және оларды түсіндіру үшін, заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ғылыми деректерді өңдеу;
2.ON2 радиобайланыс пен хабар таратудың сандық технологиялары туралы жүйелі білімді қолдана отырып, әртүрлі мақсаттардағы ғарыш аппараттарының байланыс жүйесін жобалау;
3. ON3 пайдаланылатын құраушыларды, күтілетін тәуекелдерді және мүмкін істен шығуларды ескеріп, жобаларды басқару әдістері мен заманауи бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы ғарыштық жүйелер мен ғарыштық жүйелерді жобалаудың кезеңдерін жасау;
4. ON4 жер үсті кешені мен ғарыш аппараты арасындағы ақпарат алмасуды тиімділеу үшін, жасалған автоматты жер үсті басқару кешенін жетілдіру;
5. ON5 заманауи басқару әдістері негізінде ғарыштық жүйелерді сызықсыз басқаруды ситездеу үшін алгоримдер жасау;
6. ON6 жаһандық позициялану жүйелерін жобалау үшін қажетті алгоритмдер мен бағдарламалық қамтаманы синтездеу;
7. ON7 классикалық және заманауи әдістер арқылы және оларды практикалық жүзеге асыру әдістері арқылы ғарыш аппаратының ұшуын басқару жүйесінің негізгі параметрлерін есептеу және анықтау;
8. ON8 ENVI бағдарламалық қамтамасын қолдану арқылы қашықтықтан зондтау деректерін өңдеудің нәтижелерін жүйелеу және түсіндіру және оларды ГАЖ деректерімен интеграциялау;
9. ON9 ғарыш аппараттарының заманауи жүйелерін жобалау, ғарыш аппараттарын тұрақтандырудың әртүрлі режимдерін жасау, ғарыш аппараттарын бағдарлау және тұрақтандыру жүйелерінің дәлдігін арттыру мен динамикасы мәселелерін шешу;
10. ON10 ғарыштық технологиялар саласындағы әдістемелік көзқарастарды бағалау және оларға критикалық талдау жасау, креативті синтездеу, зертеудің жаңа гипотезаларын және зерттеу әдістерін ұсыну;
11. ON11 жоғарғы білім беру мекемелерінде заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, бакалавриат және магистратура пәндері бойынша сабақтар мен аудиториядан тыс жұмыстар жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарын дайындау;
12. ON12 ғылыми мәселелерді шешу үшін, қоғамда сыпайы және толерантты қарым-қатынасқа, әлеуметтік қарым-қатынысқа және ынтымақтастыққа дайын болу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
"8D07111-Ғарыштық техника және технологиялар" білім беру бағдарламасы докторанттарының кәсіби қызмет саласы жобалау, монтаждау, баптау және пайдалануға байланысты құралдар, тәсілдер мен әдістер технологиясының жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы болып табылады:
- жерүсті техникалық жүйелері мен ғарыш аппараттарының борттық жүйелері;
- әртүрлі тораптардың, жүйелердің, кешендердің жұмыс істеуін және ғарыш аппараттарының ұшуын басқаруды қамтамасыз ететін аппараттық және бағдарламалық құралдар;
- ғарыштық және геоақпараттық технологиялар мен оларды іске асыруға арналған жүйелер
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 1 - қабат, 112 кабинет
Телефоны: Анықтама: 8 (727) 377-33-33 , Кафедраның ішкі номері (15-80).
+7 777 824 23 68, Алуа