7M06106 Математикалық және компьютерлік модельдеу
Цель: Бағдарлама іргелі математика, математикалық модельдеу және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жеткілікті білімі бар, математикалық модельдерді әзірлеуге, есептеу эксперименттерін қоюға, механика, физика, экология, медицина, биология және т. б. қолданбалы есептерді шешу үшін ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған. Білім беру бағдарламасы бойынша келесі даярлау бағыттары қарастырылған: - «Қолданбалы есептерді математикалық модельдеу»; - «Математикалық физика есептерін математикалық және компьютерлік моделдеу»; - «Газодинамикадағы термодинамикалық процестерді математикалық модельдеу» - «Қатты денедегі термодинамикалық және электрлік процестерді математикалық модельдеу» - «Экономика мен техникадағы орнықтылық теориясы»..
Предметы на ЕНТ: Алгоритмдер және деректер құрылымы и Деректер базасы

Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама іргелі математика, математикалық модельдеу және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жеткілікті білімі бар, математикалық модельдерді әзірлеуге, есептеу эксперименттерін қоюға, механика, физика, экология, медицина, биология және т. б. қолданбалы есептерді шешу үшін ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған. Білім беру бағдарламасы бойынша келесі даярлау бағыттары қарастырылған: - «Қолданбалы есептерді математикалық модельдеу»; - «Математикалық физика есептерін математикалық және компьютерлік моделдеу»; - «Газодинамикадағы термодинамикалық процестерді математикалық модельдеу» - «Қатты денедегі термодинамикалық және электрлік процестерді математикалық модельдеу» - «Экономика мен техникадағы орнықтылық теориясы»..ON1. Ғылыми зерттеулер жүргізу және жаңа іргелі және қолданбалы нәтижелер алу, мамандану саласындағы зерттеулердің бекітілген бағытына сәйкес ғылыми зерттеулерді жоспарлау. Ғылыми зерттеулер үшін математикалық модельдеудің заманауи әдістерін қолдану.
ON2. Шешілетін қолданбалы есептердің тұжырымдамалық және теориялық модельдерін әзірлеуде жаратылыстану-физикалық, химия-технологиялық, табиғи, биологиялық, медициналық және кездейсоқ процестердің мәні, механизмдері мен заңдылықтары туралы ұғымдарын қолдану.
ON3. Қолданбалы мәселелерді талдау және шешу кезінде жоғары өнімді есептеуіш жүйелерді және математикалық және компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану.
ON4. Математикалық және компьютерлік модельдеу әдістерімен сандық эксперименттер мен зерттеулер нәтижелерін өндірістік және қаржы саласына енгізу бойынша жобаны құру және ұсыныстар әзірлеу. Механиканың, физиканың, экономиканың өзекті мәселелерін шешу үшін ықтималдық әдістерді қолдану.
ON5. Мәселелерді тереңдете талдау жүргізу, физикалық мәселелерді негіздеу, ғылыми және зерттеу жұмыстары барысында олардың жаратылыстану-ғылыми мәнін анықтау, оларды шешу үшін тиісті математикалық аппарат пен сандық алгоритм қолдану.
ON6. Жылжымалы шекарамен жылу және масса алмасу мәселелердін, математикалық физиканың кері және дұрыс емес есептердің, биомедициналық процестердің, табиғи-физикалық процестердің, химиялық процестердің, қаржылық процестердің, атмосфералық процестердің, көп фазалы турбулентті ағындардың динамикасының есептерін шешу үшін математикалық модельдерді құру және сандық әдістерді қолдану,
ON7. Өнеркәсіптік, физика-технологиялық, сызықты емес стационарлы емес физикалық, химиялық, биомедициналық, қаржылық процестердің құрылған математикалық модельдерінің сандық эксперименттерін талдау, жобалау және жүргізу. Жоғары өнімді жүйелердегі гидродинамиканың инженерлік есептерінің сандық шешімдерін қайта өндіру
ON8. Жылу-масса алмасу құбылыстарын математикалық модельдеу, тұтас орта динамикасы, жылуфизикалық және күрделі процестер, механикалық процестер, газдинамикадағы термодинамикалық процестер, қатты денедегі термодинамикалық және электрлік процестер, қолданбалы есептер, математикалық физика есептері, сондай-ақ экономика мен техникадағы орнықтылық теориясы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу.
ON9. Қаржылық математика, есептеуіш гидродинамика, механика, турбуленттілікті модельдеу, физикалық, химиялық, биомедициналық, бейсызық стационарлы емес физикалық процестер және қолданбалы есептерді шешу үшін күрделі жүйелер саласындағы зерттеулер үшін математикалық және сандық аппаратты қолдану.
ON10. Оқу-тәрбие және аудиториядан тыс жұмыстарды жүргізу, педагогикалық қызметті жүргізу дағдыларын меңгеру. Мамандық бейіні бойынша бакалавриат студенттері үшін дәріс, семинар және зертханалық сабақтар өткізу. Білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологиялар мен тәсілдерді меңгеру және педагогикалық практикаға енгізу.
ON11. Математикалық модельдеу, математика, биомедицина, физика, химия және механика саласындағы мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде алынған нәтижелерді пайдалану мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу. Ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысу.
ON12. Командада жұмыс істеу, әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өз қызметін, команда қызметін сын тұрғысынан бағалау, жолды белгілеу және өзін-өзі дамытуға, өз біліктілігін арттыруға арналған құралдарды таңдау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Стационарлы емес сызықты емес физикалық процесстерді математикалық және компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Медициналық және биологиялық процестерді математикалық және компьютерлік моделдеу-5 ECTS
- Математикалық модельдеудің заманауи әдістері-5 ECTS
- Химиялық процесстерді математикалық және компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Жалпылама және арнайы функциялар теориясы-5 ECTS
- Навье-Стокс теңдеулерін шешудің сандық әдістері-5 ECTS
- Көп қабатты орталарда жылу физикалық процесстерді математикалық модельдеу-5 ECTS
- Күрделі процесстердің мінез-құлқын модельдеу әдістерін әзірлеу және зерттеу-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Турбулентті ағындардың негіздері, принциптері мен қолданулары-5 ECTS
- Көп өлшемді фазалық жүйелерді басқарудың математикалық модельдерін әзірлеу-5 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Метеорологиялық мәселелерді математикалық және компьютерлік моделдеу-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Компьютерлік графикадағы математикалық модельдеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Параллельді программалаудың заманауи технологиялары-5 ECTS
- Қолданбалы мәселелердегі ақырлы элементтер әдісі-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Математикалық физиканың кері және қате қойылған мәселелерін шешу әдістері-5 ECTS
- Деформацияланатын жүйелердің тұрақтылығын модельдеу-5 ECTS
- Графикалық пакеттерде компьютерлік модельдеу және визуализация-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Газ динамикасын модельдеу негіздері-5 ECTS
- Турбулентті ағындарды модельдеу-5 ECTS
- Гетерогенді орталарда физикалық процесстерді модельдеу-5 ECTS
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің формальды әдістері-5 ECTS
- Экономика және технологиядағы тұрақтылық теориясының элементтері-5 ECTS
- Жоғары өнімді есептеу технологиялары-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының магистратура түлектері ғылыми-зерттеу, оқу, ғылыми-өндірістік және өндірістік мекемелерде, IT-компанияларда, телекоммуникация мекемелерінде және банктерде, сондай-ақ ғылыми есептеулермен, деректерді талдаумен, бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржылық және техникалық қолдау көрсету айналысатын мекемелерде жұмыс істеуге және лауазымдарды атқаруға, оқуды докторантурада жалғастыруға, PhD дәрежесін алуға мүмкіндік алады. Жұмысқа қажетті игерілген дағдыларды ғылыми қызметкерлер, университет мұғалімдер, аға аналитиктер, аға әзірлеушілер (разработчик), аға программисттер, техникалық инженерлер, қаржыгерлер ретінде пайдалануға болады.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 3 қабат, 318 кабинет Кафедра телефоны: 8 (727) 221-15-89
БББ бойынша құжаттар
23123123