Білім беру бағдарламасы
Энергетикалық жүйелерді зерттеу мен проектілеу үшін механика саласында мамандарды сапалы дайындау. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру келесі қасиеттерге ие маманды қалыптастыруға бағытталған:
- бар модельдерді және/немесе жаңа модельдерді қолдана отырып энергетикалық жүйелерде процесстердің теориялық және эксперименталды зерттеулерді жүргізу, сондай-ақ әзірленген құрылғылардың техникалық сипаттамаларын негіздеу, олардың пайдалану шарттарын айқындау;
- энергетикалық жүйелердегі процестердің математикалық модельдерін әзірлеу, математикалық модельдеу арқылы зерттеу жүргізу, қабылданған теориялық және сындарлы шешімдерді негіздеу үшін заманауи бағдарламалық жасақтаманы қолдану;
- энергетикалық жүйелердің дизайны мен жұмыс істеу режимін жобалау, модельдеу әдістерін пайдалана отырып олардың жұмыс жасау режимдеріне талдау жасау;
- ағыс режимдерін және жеке компоненттердің жұмысын, және жалпы энергетикалық жүйелерді зерттеу үшін дайын пакеттерді қолдану және бағдарламалық модульдерді әзірлеу.
Оқу бағдарламасын тәмамдағаннан кейін магистранттар келесі құзіреттерге ие болады:
1. ON1 қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну және бағалау, механиканың заманауи өзекті мәселелерін, механиканың ғылым ретінде дамуының негізгі үрдістері мен өзекті бағыттарын сипаттау;
2. ON2 механиканың қазіргі заманғы ғылыми және практикалық проблемаларын тұжырымдау және шешу, таңдаған тақырыптың теориялық және практикалық тұрғыдан өзектілігін анықтау және бағалау;
3. ON3 энергетикалық жүйелердің мәселелерін шешуде компьютерлік модельдеуді қолдану, одан кейінгі нәтижелерді өңдеу және зерттелетін объектіде орын алатын процестердің сандық және сапалық бағалауларын ұсыну;
4. ON4 механика және термодинамиканың іргелі заңдарын негізге ала отырып инженерлік есептерді шешуде заманауи математикалық әдістерді қолдану;
5. ON5 энергетикалық жүйелердің қолданбалы мәселелерін шешу үшін аналитикалық, сапалы және сандық әдістерді қолдану және талдау;
6. ON6 сығылатын ағынды зерттеуге арналған аналитикалық және сандық әдістерді қолдану және талдау;
7. ON7 көпфазалы сұйық ағынын, оның ішінде кеуек ортаны зерттейтін аналитикалық және сандық әдістерді талдау және қолдану;
8. ON8 реакциялық процестерді зерттеу үшін қазіргі заманғы сандық әдістер мен қосымшалар пакеттерін талдау және қолдану;
9. ON9 есептің қойылымынан бастап, оған сәйкес математикалық моделді анықтап, негізделген есептеу әдісін таңдай отырып, соңында алынған нәтижелерді түсіндіріп, есепті шешу бойынша ұсыныс жасап аяқтайтындай таңдап алған ғылыми тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу;
10. ON10 Зерттелетін проблемалардың пәнаралық екендіктерін бағалау; зерттеу нәтижелері мен ұсыныстарды мамандарға да, маман еместерге де түсіндіре білу; өзгенің пікірлерін дұрыс қабылдап, өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеп шығу;
11. ON11 топта өз бетінше білім алуға және коллективте табысты еңбек етуге және табысты жұмыс істеуге қабілетті екендігін көрсету, қоғамдағы шектеулер мен талаптарды бағалай отырып өзінің кәсіби тұрғыдан одан әрі даму жолдарын анықтау және талдау;
12. ON12 педагогикалық қызметте жоғары білім берудің педагогикасы мен психологиясы туралы білімін қолдана отырып, университеттер мен колледждерде арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыру.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«7М05405 - Mеханика және энергетика » білім беру бағдарламасының бітіруші түлектер келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
- Жоғары оқу орындарында сабақ беру (жаратылыстану-техника бағытындағы пәндерден);
- Ғылыми қызметкер (механика және әр түрлі механикалық процесстерді модельдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу);
- Инженер (ғылыми-өндірістік және өндірістік салаларда инженерлік қызмет көрсету);
- Жобалаушы (альтернативті энергетика, роботтық техника, ғарыштық техника салаларында энергетикалық жүйелерді (объектілерді) эксплуатациялау және жобалау жұмыстарын жүргізу).
- Менеджер ( ғылыми-өндірістік мекемелерде, білім беру және ғылым саласында басқару жұмыстары);
Мамандандырылған қызметтер саласында жұмыс.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 1 - қабат, 112 кабинет
Телефоны: Анықтама: 8 (727) 377-33-33 , Кафедраның ішкі номері (15-80).
+7 777 824 23 68, Алуа