Білім беру бағдарламасы
Қазіргі заманғы теориялық химия және химия өнеркәсібі саласындағы ғылыми-зерттеу және қолданбалы міндеттерді тиімді шешу үшін жаңа білімді дамыту үшін жеткілікті кәсіби біліктілігі бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
Магистратура келесі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыра алады:
- заманауи химияның түрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- химия өнімдері мен материалдардың жаңа түрлерін жасау, химия және басқа да тиісті салалардағы нарықтың, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне сәйкес жаңа жетістіктерге негізделген жаңа химиялық және технологиялық процестердің жақсарту және дамыту;
- шикізат пен химиялық өнімдердің сапасын бақылау, стандарттау және сертификаттау әдістерін жетілдіру және дамыту;
- орта, кәсіптік және жоғары білім салаларында.
РО1 - іргелі және қолданбалы химияның тиісті мамандандырылған саласындағы ғылыми теориялар мен концепцияларды интерпретациялау;
РО2 - химия саласындағы ғылым мен тәжірибенің ең соңғы жетістіктерін зерттеуші-химик, химик-оқытушы кәсіби міндеттерін шешу үшін тәжірибелік қызметіне кең ауқымды пәнаралық контексте экологиялық, әлеуметтік, экономикалық бағыттарды енгізу;
РО3 - белгілі бір тақырып бойынша жүйелі ізденіс жүргізіп, заманауи ғылыми зерттеулердің күйіне ғылыми шолу жасау;
РО4 - өз зерттеулерінің шеңберінде ғылыми гипотезаларды қалыптастыру үшін ғылыми ақпараттардың талдауын жүргізу;
РО5 - ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ химияның зерттеу / бейіндік салаларында қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдамаларды, жетістіктерді және зерттеулерді сыни талдау және бағалау негізінде күтілетін нәтижені тұжырымдауды дербес жүзеге асыру;
РО6 - математикалық модельдеу мен есептеулер әдістерін, әдіснамаларың, компьютерлік бағдарламаларын және басқа қосымшаларын дұрыс таңдауға, процесті бақылауға, соның ішінде ғылыми эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу және жинақтау;
РО7 - алынған мәліметтерді (процестерді бақылау, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін) химия саласындағы заманауи тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде олардың сенімділігі мен құндылығын негіздеу үшін талдау жүргізу және түсіндіру;
РО8 - физико-химиялық зерттеулердің негізгі және қазіргі заманғы білімдерін және әдістерін жаңа сипаттамалары және белгілі бір сипаттамалары бар заттар мен материалдарды және процестерді, зерттеу әдістерін, технологиялық процестерді немесе олардың сатыларың жетілдіріп өндеу үшін қолдану;
РО9 - процестің механизмін, оның реттеу жолдарын белгілеу, оның сипаттамалары бар өнімді алу немесе оның өнімділігін арттыру, іске асыру мен басқарудың оңтайлы жағдайларын анықтау, процестің сапалық және сандық модельдеуін жүзеге асыру;
РО10 - химия пәні бойынша қазіргі заманғы жетістіктер мен жоғары білім беру педагогикасының талаптары бойынша химиялық пәндерді оқыту бойынша оқу бағдарламаны дайындау;
PO11 - химияның таңдаған саласында өзіңің ғылыми зерттеулеріңің нәтижелерін ғылыми жарияланымдар түрінде көрсету;
РО12 - шығармашылық өзін-өзі дамыту және жетілдіру үшін тәуелсіз және автономды білім алуын жалғастыру, барлық кәсіптік қызметтерде негізгі және пәндік құзыреттерді дамыту.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«7М05301 – Химия» БББ түлектері мектептерде, лицейлерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істей алады; жаратылыстану және техника саласындағы химиялық ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарында, тау-кен өнеркәсібінде, химия өнеркәсібі үшін минералды шикізатты өндіру және тыңайтқыштар өндіру саласында, мұнай өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарда кіші ғылыми қызметкерлер, лаборанттар болып жұмыс істей алады; санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердегі, техникалық сынақтар мен талдауларды жүзеге асыратын мекемелердегі химиктер-аналитиктер болып жұмыс істей алады; сонымен қатар химия және химиялық инженерия саласындағы докторантурада оқуын жалғастыра алады.
Байланыс
Оспанова Ж.Б.
zhanar.ospanova@kaznu.edu.kz