7M08401 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
Цель: Білім беру бағдарламасының мақсаты терең теориялық және практикалық білімі бар, кәсіби және ғылыми құзыреттері мен дағдыларын меңгерген, аквакультура және су биологиялық ресурстары саласында ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік, ғылыми – зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін, педагогикалық қызметті дербес орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Предметы на ЕНТ: Балық аулау и Аквамәдениет

Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты терең теориялық және практикалық білімі бар, кәсіби және ғылыми құзыреттері мен дағдыларын меңгерген, аквакультура және су биологиялық ресурстары саласында ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік, ғылыми – зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін, педагогикалық қызметті дербес орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.ON1 Зияткерлік дамудың жоғары деңгейін, ана тілінде және шет тілінде сауатты және дамыған сөйлеуді, ойлау мәдениеті мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді, жаратылыстану ғылымдарының өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелері туралы білімді меңгерген, Психология және педагогика бойынша білімдерін пайдаланады.
ON2 Су биологиялық ресурстарының түрлерін сақтау, қорғау және қалыптастырудың экологиялық мәселелерін дербес талдай алады, жерсіндірілген гидробионттардың жаңа экологиялық жағдайларға бейімделу процестерін анықтайды және су биологиялық ресурстарын сақтау мәселелерін шешу үшін ғылыми далалық және зертханалық әдістерді қолдана отырып, интродуценттердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу ерекшеліктерін зерттейді.
ON3 Гидробионттардың генетикалық мәселелерін зерттеу бойынша өз бетінше ғылыми зерттеулер ұйымдастыруға қабілетті, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті анықтаудың цитологиялық және молекулалық әдістерін меңгерген, кәсіптік өткінші және тұщы су балықтарының биологиясын зерттеу бойынша кәсіби білім мен дағдыларды меңгерген, Әлемдік балық аулаудың даму перспективалары мен динамикасын, әртүрлі елдердің балық аулау аудандарындағы шикізат базасының қазіргі жай-күйін талдайды.
ON4 Тұрақты даму мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су биоресурстарын басқару қабілетін көрсетеді. Қазақстанның су ресурстарына адамның антропогендік араласу процестерін талдауға қабілетті, Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш, Алакөл көлдерінің экологиялық проблемаларын зерттеуге қатысады, қазіргі заманғы су ластағыштарын жіктеуді қолданады, балық шаруашылығы су айдындарының ластану көздерін анықтайды.
ON5 Балық өсіретін кәсіпорындарда балық өсіру технологиясын таңдай алады, аквакультура объектілерін өсірудің барлық кезеңдерінде технологиялық процестерді ұйымдастыру дағдыларына ие, аквакультурада инновациялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, аквакультураның әртүрлі формаларының экономикалық қызметін жоспарлайды.
ON6 Гидробионттарды аулауға арналған практикалық ұсыныстарды әзірлеуге қатысады, гидробионттардың популяция санының динамикасын ескере отырып, балықтардың популяциялық құрылымын талдауды қолданады, балық аулау құралдарын жөндеу және орнату жұмыстарын жүргізеді, балық аулау құралдарының экономикалық тиімділігін, тозуы мен беріктігін бағалайды, ішкі су қоймаларында өнеркәсіптік аулау процесін ұйымдастыра алады.
ON7 Балық шаруашылығы кәсіпорындарында технологиялық процестерді ұйымдастыруда жүйелі тәсілді жүзеге асыра алады, балық өсіру шаралары мен гормондық терапия әдістерін қолданады, құнды балық түрлерін өсірудің қарқынды және инновациялық технологияларын қолданады, аквакультураның әртүрлі формалары үшін балықты қоректендіру технологиясын таңдайды және ұйымдастырады.
ON 8 Табиғи және жасанды суқоймалардағы эпизоотиялық, паразитологиялық жағдайды бағалайды, ихтиопатология әдістерін және аквакультурада қабылданған санитарлық нормаларын қолдана отырып, балық өсіру фермаларында балықтардың ауруларын емдейді және олардың профилактикалық шараларын ұйымдастырады.
ON9 Ихтиология мен гидробиологияның заманауи және дәстүрлі әдістерін қолдана отырып, ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады, гидробионттардың жай-күйін зерттеу үшін су объектілеріне далалық зерттеу экспедицияларын ұйымдастырады, кәсіптік балықтарды сәйкестендіру әдістерін қолданады, гидробионттардың популяциясының кәсіптік-биологиялық параметрлеріне талдау жасайды.
ON10 Аналитикалық ойлауға, логикаға, талдауға, балық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді ғылыми негіздемелерге және шығармашылық шешуге қабілетті, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды, оларды ғылым мен білім беру саласындағы нақты ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуде қолданады, ғылыми зерттеуді дербес жүзеге асырады.
ON11 Кәсіби қызмет мәселелері бойынша ғылыми есептер, жарияланымдар, аналитикалық шолулар жасай алады, мәтіндерге реферат жасайды, өзінің кәсіби қызметін дербес жоспарлайды, топта жұмыс істей алады, ғылыми зерттеулер жүргізеді, басымдықтар қояды, жұмыстың белгіленген мерзімдерін сақтайды.
ON12 Бакалавриат студенттері үшін оқу – әдістемелік қызметті жүзеге асыра алады, зертханалық, семинар сабақтарын өткізеді, пәндер бағдарламасын жасайды, пәндердің оқу – әдістемелік кешендерін әзірлейді.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Суқоймалардың экологиялық экспертизасы-5 ECTS
- Гидробионтарды өсіру биотехнологиясы-5 ECTS
- Гидробионттардың даму заңдылықтары-5 ECTS
- Гидробионт түрлері мен популяцияларының экологиялық құрылымы-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Балық шаруашылығындағы биотехнология-5 ECTS
- Қазақстанның су биоресурстарын тиімді пайдалану проблемалары-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау-5 ECTS
- Балық ресурстарын қорғау-5 ECTS
- Су экожүйелерінің іс-әрекет заңдылықтары-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Балық аулау теориясы және практикасы-6 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Аквакультура объектілерінің гибридизациялау проблемалары-5 ECTS
- Табиғи суқоймалардың биологиялық өнімділігі-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Тауарлы албырт балықтарын өсіру биотехникасы-5 ECTS
- Бекіре өсіру биотехникасы-5 ECTS
- Балықтардың таксономиялық ревизиясы және салыстырмалы морфологиясы-5 ECTS
- Балықтардың паразитологиясы-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Жасанды суқоймалардың биологиялық өнімділігі-5 ECTS
- Популяция жайлы ілім-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кәсіптік қызмет саласында кадрлар даярлау мынадай қызмет түрлерін, кәсіптерді, біліктілік деңгейлерін (кәсіптік стандартқа сәйкес қызмет түрлерін сипаттау)қамтиды: Ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы ғылыми қызметкер (кіші, аға) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқытушы (аға оқытушы, оқытушы, ассистент) Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер: - "Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС; - ҚР БҒМ "Зоология институты" ЖШС. - "Гидробиология және экология ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.
Байланыс
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, Биология және биотехнология факультетінің ғимараты; 527 кабинет, жұмыс тел: +77273773333 (12-12 ішкі) Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна Тел: +77071104439; e-mail: meruyert.kurmanbayeva@kaznu.edu.kz Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Кегенова Гүлнар Болатқызы, Тел: +77022351663; e-mail: gulnar.kegenova@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123