Білім беру бағдарламасы
қамтамасыз ету үшін энергетикалық саланың аспаптарымен, құрылғыларымен және қондырғыларымен жұмыс істеу дағдысы бар, энергия үнемдеу технологияларын және табиғатты қорғау іс-шараларын пайдалана отырып, электр және жылу энергиясын тиімді өндіру саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
ON 1 берілген методология бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізу, тиісті математикалық аппарат көмегімен алынған нәтижелерді өңдеу және талдау;
ON 2 жылуэнергетика және жылу процестерін автоматтандырудағы жылутехникалық параметрлердің құрамы мен сапасын бақылаудағы заманауи технологиялық құралдарды және өлшеу әдістерін қолдану;
ON 3 заманауи кәсіпорындардардағы процестерді зерттеу үшін АТ технологиялары мен қолданбалы программалық пакеттерін пайдалану;
ON 4 бекітілген әдістерге сәйкес жеке бөлімдер (сатылар, міндеттер) үшін ЖЭС-да энергетика және жылу технологиясы, энергияны пайдалану және энергияны үнемдеу саласындағы тәжірибелік зерттеулер мен жобалауды жүргізу;
ON 5 жылу электр станцияларының жылутехникалық және жылуэнергетикалық қондырғыларын дамыту, жаңғырту және пайдалану кезіндегі бақылау және өлшемдер жүргізудің бағдарламалары мен әдістерін жоспарлау, олардың сипаттамалары мен қорытындыларын жасау;
ON 6 қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу және ресурстарды үнемдеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін бақылау;
ON 7 ЖЭС-дағы қондырғылардың және технологиялық процестердің энергетикалық бағалауды жасау, отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын есепке алу; ЖЭС-ның учаскелерінің, қондырғылардың, технологиялық процестердің техникалық және экономикалық балансын ұйымдастыру;
ON 8 қазандықтардағы органикалық отынның жағуын ұйымдастыру кезіндегі, қазандық қондырғылардың газ-ауа және бу-су трактарында пайда болатын жылуфизикалық және гидродинамикалық процестерді түсіндіру үшін және қолданбалы техникалық мәселелерді шешудегі білімдерін қолдану;
ON 9 жылу электр станцияларында жылу мен электр энергиясын өндіру үшін төмен қалдық және қалдықсыз технологияларды қолдану;
ON 10 органикалық отындарды технологиялық тиімді жағу және зиянды шығындарды азайту үшін эксперименталды және теориялық зерттеулер нәтижелерін (OpenFoam, Paraview, OriginLab, Labview және т.б.) модельдеу және өңдеу үшін компьютерлік технологияларды пайдалану;
ON 11 жылу және электр энергетикасы объектілерінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялық энергетикалық объектілерді жоспарлау үшін экономиканың құралдарын (заңдар, ғылыми тәсілдер, қағидалар, әдістер, модельдер) пайдалану;
ON 12 өндірісті басқарудағы озық әдістерді және энергетикалық ресурстарды тұтыну кезіндегі зерттеулерді қолдану.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер болып табылады:
1. ««Казатомпром» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы»;
2. «Академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ҒЗИ» АҚ;
3. Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФҒЗИ);
4. "R&D Плазматехника" ЖШС;
5. Жану проблемалары институты;
6. «Алматы жылу желілері» ЖШС;
7. "Теплокоммунэнерго" МКК;
8. Жылу электр станциялары;
9. Жылу электр орталықтары;
10. Энергетика министрлігі;
11. Табиғатты қорғау және табиғатты пайдалануды басқару органдары;
12. Энергияны өндіру мен таратуды зерттеумен байланысты Академиялық және ғылыми-зерттеу институттары.
Байланыс
Болегенова Салтанат Алихановна
Алматы, 050040 пр. аль-Фараби, 71.
Физика-техникалық факультеті, 317.
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы
тел:+7 701 386 9755. 15-43.
БББ бойынша құжаттар
23123123