Білім беру бағдарламасы
Заманауи технологиялар мен тиімді басқару құралдарын меңгерген, стратегиялық ойлауы бар білім беру саласындағы қабілетті менеджерлерді даярлау.
1 ұжымды басқарудың психологиялық тәсілдерін, қызметкерлерді тарту және даулы жағдайларды шешу технологияларын меңгереді;
2. білім беру жүйесінің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі ұйымдастыру факторларын талдау негізінде әкімшілік-басқару қызметін жобалайды;
3. білім беру ұйымын дамытудың қазіргі заманғы талаптары мен қағидаттарын талдауды ескере отырып, мектепті басқарудың нормативтік-құқықтық актілері мен ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін пайдаланады;
4. көпшілік алдында сөз сөйлеуді, келіссөздер процесін, оның ішінде іскерлік коммуникация мен шет тілінің заманауи құралдарын пайдалана отырып ұйымдастырады;
5. ұйымдастырушылық мақсаттарға қол жеткізу және жеке көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін тиімді көшбасшылық технологияларын таңдау және қолдану;
6. нормативтік-құқықтық, ресурстық, кадрлық қамтамасыз етуді салыстыру және талдау үшін мектептегі білім беру сапасын бағалаудың индикаторлары мен көрсеткіштерін әзірлейді;
7. дербес ғылыми ізденістер мен зерттеу жобаларын іске асыру үшін білім беру ұйымының қажеттіліктері мен жай-күйін диагностика жасайды.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама инновациялық жобалар мен бағдарламаларды тиімді басқару дағдыларын және өзгерістерді енгізуге қатысу және білім берудегі жоғары әсерлі жоба командаларын құру арқылы көшбасшылық дағдыларын дамытуға ұмтылатын барлық қызмет саласының пайдаланушыларына бағытталады. Бағдарлама магистранттарды тұлғалық және кәсіби, шығармашылық, технологиялық даму процесін қамтиды. Бағдарлама негізгі білім беру менеджерлері үшін де, жобалар мен бағдарламаларды басқару саласындағы жаңадан бастағандар үшін де қызықты болады.
Байланыс
Булатбаева Айгүль Әбдімажитқызы - "7M04134-Педагогика. Білім берудегі Менеджмент" білім бағдарламасының координаторы