Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасы бұқаралық ақпарат құралдарын әзірлеу бойынша дизайнерлік міндеттерді шешуге, медиа-басылымды, оның фирмалық стилін жасауға, шығармашылық қызметте графикалық композицияның негізгі заңдарын білуге және қолдануға, шығармашылық дизайн жасай білуге, БАҚ дизайнының компьютерлік бағдарламаларын меңгеруге, жарнамалық материалдарды, сайттарды жасауға және қалыптастыруға қабілетті дизайнер-маманды кәсіби даярлауға бағытталған.
ON1 Медиа-дизайн жобаларын жасаудың пәнаралық білімін, іскерлігін және дағдыларын меңгеру, зияткерлік меншіктің құқықтық, кәсіпкерлік негіздерін, отандық және әлемдік БАҚ-тың даму тарихын білу, қазіргі заманғы медиа кеңістіктің икемді, жылжымалы ортасын қалыптастыратын пайдаланушымен интерактивті өзара іс-қимыл жасау;
ON2 моушн дизайн технологияларын меңгеру, қозғалатын заттарды жасай білу, телебағдарламалар, бейнефильмдер ресімдеу, мультипликациялық анимация жасау және флешанимация технологияларын меңгеру;
ON3 баспа өнімдерін безендіру бойынша медиа дизайнның компьютерлік бағдарламаларын меңгеру, баспа басылымдарын – газеттер, журналдар, кітаптар құру, баспа БАҚ - тың әртүрлі форматтарын құру элементтерін білу;
ON4 әртүрлі компьютерлік бағдарламаларда сайт құру, веб-дизайн технологияларын меңгеру, сайтты құра білу, сайтты басылымның немесе компанияның тақырыбы мен бағыты бойынша жобалау;
ON5 жарнама өнімдерін жасау - жарнамалық роликтер, буклеттер, постерлер, банерлік жарнама технологияларын меңгеру, және т.б.
ON6 мультимедиялық медиа өнімдерін – бейнефильмдер, мәтіндер, жаңалықтар, түрлі форматтардығы ақпараттар - инфотейнмент, лонгридтер, сторителлингтер жасау;
ON7 түстану әдістері, қаріптерді қолдану, түс функцияларын, оның реңктерін, негізгі және құрама түстерін саралау. түс реңктерін, хиароскуроны, контрасттарды, нюанстарды және түстердің қанықтылығын дұрыс қолдану;
ON8 шетелдік тәжірибені, медиаартты, графиканы, анимацияны дамытудың әлемдік үрдістерін зерттеу негізінде медиадизайнның заманауи әдістері мен тәсілдерін пайдалану;
ON9 фотосурет өнерінің технологияларын меңгеру, фотосуреттерді өңдей білу, фоторепортаждар жасау, түрлі жанрларда фотоақпарат ұсыну;
ON10 танымал технологиялар негізінде өзіндік авторлық түпнұсқа дизайн-макеттер, фирмалық стиль жасау; фото-дизайнда, моушн дизайнында, инфографикада және анимацияда соңғы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану;
ON11 ақпаратты тарату технологияларын, цифрлық маркетинг негіздерін меңгеру, көрнекі ақпаратты қабылдау психологиясын білу, қарым-қатынастың коммуникативтік технологияларын және дизайн психологиясын меңгеру;
ON12 қазіргі визуалды коммуникация саласындағы сапалық өзгерістер мен жаңа тенденцияларды іс жүзінде жүзеге асыру.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«Медиа дизайн» пәнаралық бағдарламасы «журналистика» және «дизайн» білім беру бағдарламаларының оқу нәтижелерін біріктірді және еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Түлектер тек баспаларда, баспаханаларда және БАҚ: газеттерде, журналдарда, радио, теледидарда ғана емес, сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың PR бөлімдерінде, маркетинг бөлімдерінде және баспасөз қызметтерінде жұмыс істей алады.
Байланыс
Ибрагимов Ниетжан Абикулович 87077166574
БББ бойынша құжаттар
23123123