6B07114 Ядролық инженерия
Цель: «Ядролық инженерия» білім беру бағдарламасының мақсаты – атом өнеркәсібіне тікелей қатысы бар инженерлік технологиялар саласында білікті және құзыретті мамандарды дайындау, сондай-ақ реакторларда, сапамен қамтамасыз ету саласында, аспаптар және басқа да қатысты салаларда операцияларды сауатты орындауға қажетті дағдылары бар практик мамандарды шығару.
Предметы на ЕНТ: Физика и Математика

Білім беру бағдарламасы
«Ядролық инженерия» білім беру бағдарламасының мақсаты – атом өнеркәсібіне тікелей қатысы бар инженерлік технологиялар саласында білікті және құзыретті мамандарды дайындау, сондай-ақ реакторларда, сапамен қамтамасыз ету саласында, аспаптар және басқа да қатысты салаларда операцияларды сауатты орындауға қажетті дағдылары бар практик мамандарды шығару.
ОН1 – Бітіруші жазбаша және бейресми қарым-қатынас пен баяндамаларды мемлекеттік қазақ тілінде, орыс тілінде, мүмкін ағылшын тілінде жүргізе алады.
ОН2 – Бітірушінің ойлау мәдениеті қалыптасады, ақпаратты жалпылау, талдау, қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау, өзінің күшті және әлсіз жақтарын сыни тұрғыдан бағалай білу, күшті жағын дамытып, әлсіз жақтарымен күресу жолдарын таба білу.
ОН3 – Бітіруші өзінің кәсіби біліктілігі саласында өз бетінше де, әріптестерімен бірге де тиімді жұмыс істеуге дайын болады және мансап жолында кәсіби дамуға ұдайы ұмтылып отыратын болады.
ОН4 – Бітіруші кәсіби қызметінде жаратылыстану ғылымының негізгі заңдылықтарын қолдана алауымен қатар, математикалық талдау және модельдеу әдістерін, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдана алады.
ОН5 – Бітірушінің жаратылыстану ғылымдарының, соның ішінде жалпы классикалық физика, химия, атом және ядролық физиканың негізгі заңдылықтары туралы түсінігі қалыптасады.
ОН6 – Бітірушілер стандартты компьютерлік код пакеттерін біледі, жобалау мен талдауға арналған, сондай-ақ ақпаратар және мәліметтерді сақтауға, өңдеуге арналған стандартты әдістерді және компьютерлік кодтарды қолдана алады.
ОН7 – Бітірушіде ядролық реакторлар, иондаушы сәулелердің адамға және қоршаған ортаға радиациялық әсері, ядролық физика саласындағы құбылыстар мен заңдылықтарды эксперименттік және теориялық зерттеудің математикалық моделі, қоршаған ортаның экологиялық мониторингі туралы, ядролық материалдар, атом өнеркәсібі және энергетика саласының объектілері мен қондырғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсініктерді қалыптасады.
ОН8 – Бітіруші ядролық реактордың элементтерінде болып жатқан процестерді физикалық, математикалық және сандық модельдеуді жүзеге асыра алады, сондай-ақ ядролық инженерия саласында теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізе алады.
ОН9 – Бітірушілерде ядролық реакторлардың материалдары және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері, ядролық және физикалық қондырғылардың заманауи электрондық схемалары, ядролық физика қондырғыларын автоматтандырылған басқару, құрылғыларды әзірлеу және пайдалану технологиясы туралы түсінік қалыптасады.
ОН10 – Бітірушінің бойында қауіпсіздік жауапкершілігі және қауіпсіздік мәдениеті қалыптасады, соның ішінде, қауіп-қатерге талдау жасау және оны басқару, адам факторлары, адам-машина әрекеттесуі туралы түсінік қалыптасады.
ОН11 – Бітіруші атом электр станцияларының немесе басқа атомдық қондырғылардың негізгі жүйелері мен құрамдас бөліктерін есептеу, жобалау процесіне қатыса алады, сондай-ақ ядролық қондырғыларды ретке келтіру процесін түсінеді.
ОН12 – Бітіруші атом электр станциялары мен атом қондырғыларын лицензиялаудағы және пайдалануға берудегі ұйымдастыру процесі мен басқарушы органның рөлін түсінеді.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Психология)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Мәдениеттану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Математикалық талдау-6 ECTS
- Механика-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия-5 ECTS
- Дифференциалдық теңдеулер-5 ECTS
- Молекулалық физика-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Кәсіби (оқу) практика-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Инженерлерге арналған статистика және ықтималдық теориясы-5 ECTS
- Электр және магнетизм-5 ECTS
- C++ және Python тілінде бағдарламалау негіздері-5 ECTS
- Кванттық механика негіздері-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Атомдық физика-6 ECTS
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Ядролық физика-6 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практика-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Нұрдың затпен әсерлесуі және экрандалу-5 ECTS
- Радиациялық датчиктер және детекторлар-5 ECTS
- Атомдық реактор негіздері-5 ECTS
- Ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік-5 ECTS
- Инженерлерге арналған жалпы химия-5 ECTS
- Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу-5 ECTS
- Гидромеханика-5 ECTS
- Термодинамика негіздері-5 ECTS
- Ядролық реакция теориясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Ядролық қондырғының қауіпсіздік жүйесін жобалау-5 ECTS
- Ядролық отынның химиясы және физикасы-5 ECTS
- Ядролық инженериядағы сандық әдістер-5 ECTS
- Нейтрондық физика-6 ECTS
- Эксперименттік физикадағы приборлар мен әдістер-5 ECTS
- Ядролық энергетикадағы жылу гидравликасы-5 ECTS
- Ядролық спектрометрия и радиометрия-5 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практика-4 ECTS
- Ядролық қондырғыларды басқару және қорғау-5 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Приборлардың және физикалық қондырғылар техникасының электротехникалық негіздері-5 ECTS
- Радиациялық-физикалық қондырғылардың жұмыс істеуінің теориялық негіздері-5 ECTS
- АЭС жобалау және компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Реакторлық материалтану-5 ECTS
- Ядролық энергетика экономикасы-5 ECTS
- Атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамалар-5 ECTS
- Электроника және электротехника негіздері-5 ECTS
- Ядролық қондырғыларды физикалық және компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Ядролық отынның циклі-5 ECTS
- Эксперименттік мәліметтерді талдау және өңдеуге арналған құралдар-6 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практика-8 ECTS
- Кәсіби (дипломалды) практика-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Байланыс
БББ бойынша құжаттар
23123123