Farabi University

Абай ғылыми-зерттеу институты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты 2009 жылы 24 наурызда ашылды. Институт директоры болып Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебайұлы Дәдебаев тағайындалды. Абай институты қызметінің негізгі пәні әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және басым бағыттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.

Дәдебаев Жанғара - Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері