Институт мақсаты – зерттеу, оқыту, насихаттау жолымен білімді сақтау, өндіру және тарату бағытындағы ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарды үйлестіру.
Қызмет бағыттары:
-абайтану;
-қазақ әдебиеті;
-қазақ филологиясы;
-орыс әдебиеті;
-орыс филологиясы;
-әдебиет теориясы және фольклортану;
-әдеби шығармашылық және көркем аударма;
-әлем әдебиеті;
-гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы пәнаралық зерттеулер.
Негізгі міндеттер:
-ғылым дамуының маңызды бағыттарында жаңа білім жасаудың, жаңа технологияларды игерудің, ғылыми мектептерді қалыптастыру мен дамытудың негізі ретінде іргелі зерттеулерді басымдықпен дамыту;
-гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында қаржыландырылатын ғылыми зерттеулерге қатысу;
-тиісті бағыттар бойынша мемлекетаралық және халықаралық ғылыми бағдарламаларға қатысу;
-бастамашылдық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу;
-ғылым мен білімнің ең жаңа жетістіктері негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша ғылыми-педагогикалық кадрлар мен мамандар дайындау;
-Абайдың шығармашылық мұрасын әдебиеттану, тіл білімі, мәдениеттану, тарих, педагогика, юриспруденция, философия, әлеуметтану, саясаттану ғылымдарының тоғысында зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін жасау;
-қазақ әдебиеті теориясы мен тарихының ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі өзекті мәселелерін Абайдың эстетикалық, этикалық, философиялық көзқарастары тұрғысынан бағамдау;
-Абай шығармашылығының алыс және жақын шетелдерде қабылдану мәселелерін пайымдау;
-қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің теориясы мен тарихын саралау;
-әдеби аударма мен аударматану, әдеби компаративистика теориясы мен практикасы мәселелерін зерттеу;
-қазақ әдебиетінің, әдеби шығармашылық үдерісінің теориясы мен тарихының өзекті мәселелерін әлем әдебиеті аясында қарастыру;