Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен (№11, 2022 жылғы 30 маусым) 2022 жылғы қазанда құрылды.
Институттың қызметі түркі және алтай халықтарының бай тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтау, олардың тілдері, мәдениеттері мен рухани құндылықтарын зерделеу, сондай-ақ туыстас тілдер мен мәдениеттердің ортақ тамырларын және құндылықтық негіздерін айқындауға бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми міндеттерді шешуге бағытталған.
Институттың миссиясы — түркология мен алтаистика саласындағы зерттеулерді Қазақстан гуманитарлық ғылымының стратегиялық бағыты ретінде дамыту, түркі елдері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту және отандық түркологияны әлемдік ғылыми қауымдастыққа интеграциялау болып табылады.
Институттың негізгі міндеттері: түркітану және алтайтану саласында іргелі және пәнаралық зерттеулер жүргізу; түркі халықтарының тілдері, тарихы, мәдениеті мен этногенезін зерттеудің заманауи ғылыми базасын қалыптастыру; жаңа буын түрколог-зерттеушілерін даярлау және инновациялық білім беру ортасын құру; қолжазбаларды зерттеу және түркі мәдени-тілдік мұрасын кеңінен насихаттау.
Түркі және алтай халықтарының тарихи-мәдени мұрасын кешенді түрде зерттеу мен сақтау, түркі халықтарының тілдері, мәдениеттері мен рухани құндылықтарын зерделеу, сондай-ақ тіл білімі, әдебиет, мәдениет, тарих, археология және этнография салаларындағы халықаралық ғылыми тәжірибені мониторингтеу негізінде түркі этнотілдік кеңістігінің әлемдік және өркениеттік даму контексіндегі орнын айқындау – туыстас тілдер мен мәдениеттердің ортақ құндылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Жансейіт Кансейітұлы Түймебаев – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының басшысы және ғылыми кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы – атқарушы директор, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Егоров Николай Иванович – бас ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының докторы, шетелдік шақырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры.

Ламажаа Чимиза Кудер-ооловна – бас ғылыми қызметкер, философия ғылымдарының докторы, «Жаңа Тува зерттеулері» ғылыми журналының бас редакторы, шетелдік шақырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры.

Сағидолда Гүлғайша – аға ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.

Ескеева Мәгрипа Қайнарбаевна – аға ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.

Аманжолова Джемма Болатқызы – аға ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты, Astana IT University ассистент-профессоры.

Бүркітбаева Шынарай Дубировна – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының Қолжазбалар зертханасының меңгерушісі, доцент м.а.

Искендир Аққулай Әбдіуәлиевна – Қолжазбалар зертханасының жетекші маманы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, PhD.

Қайыржанова Әдия Тасболатқызы – жетекші маман, филология ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты.

Канаева Дина Ержанқызы – жетекші маман, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты.