Түркология және алтаистика ҒЗИ қызметі екі үлкен міндетке бағытталған:
- бір жағынан, зерттеу мәселелерін шешуге және ең бай түркі тарихи-мәдени мұрасы мен Алтай халықтарын сақтауға;
- екінші жағынан, Қазақстанның және түркі мемлекеттерінің стратегиялық даму талаптарын қанағаттандыратын, әртүрлі салалардағы елдердің тиімді өзара қарым-қатынасын құруға қабілетті кадрлар даярлауға.
Атқарушы директор – филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Жамалбекқызы Шаймерденова.
Түркітану және алтайтану ҒЗИ қызметінің мақсаты – түркі халықтарының тарихи, мәдени, тілдік және рухани мұрасына іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу, сондай-ақ ғылыми және инновациялық әдістерді интеграциялау, түркі халықтарының лингвистикасы, әдебиеті, мәдениеті, тарихы, археологиясы, этнографиясы саласындағы ғылыми білімді игерудің халықаралық тәжірибесіне талдау жасау. Бұл туыстас тілдер мен мәдениеттердің ортақ құндылықтарын, әлемдік кеңістегі түркілік этно-тілдік ландшафтың орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Түркітану және алтайтану ҒЗИ қызметінің міндеттері:
- отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен түркітанудың проблемаларын шешу бойынша іргелі зерттеулер жүргізу; әртүрлі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді интеграциялау;
- алтайтанудың өзекті мәселелерін шешу бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу; қазіргі алтаистиканың теориясы мен әдіснамасын әзірлеу; арнайы тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулерді интеграциялау;
- ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және мемлекеттің әлеуметтік-мәдени және этно-тілдік құрылысындағы жаңа технологиялар бойынша әзірлемелерді өндіріске енгізуге қатысу;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту мен жетілдірудің маңызды ғылыми проблемаларын әзірлеуге қатысу;
- Түркітану және алтайтану ҒЗИ шеңберінде орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына оқытушыларды, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді тарту арқылы оқу-тәрбие үдерісі мен ғылыми зерттеудің тығыз байланысын жүзеге асыру, сондай-ақ оқу үдерісінде зерттеу нәтижелерін максималды түрде пайдалану;
- ғылыми кадрларды, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары мен докторанттарын даярлау, профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми біліктілігін арттыру;
- ортақ зерттеу жүргізу, ғылыми мақалаларды әзірлеу және ҚР БҒССҚК базасында және Scopus және / немесе Web of Science халықаралық базасында индекстелетін рейтингілі басылымдарда жариялау мақсатында Түркітану және алтайтану ҒЗИ құзыры шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- іргелі және қолданбалы бағдарламаларды қаржыландыру конкустарына, соның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттен, халықаралық ұйымдар мен қорлар тарапынан ұйымдастырылатын, шаруашылық шарты бойынша қаржыландырылатын байқауларға қатысу;
- Түркітану және алтайтану бойынша зерттеулердің деректер базасын жасау, сондай-ақ түрколог ғалымдардың дербес электронды ресурстарын құру;
- базалық ұйым ретінде отандық және шетелдік бакалавр, магистрант, докторанттар үшін ғылыми-зерттеу, оқу, өндірістік педагогикалық практикаларды жүзеге асыру;
- академиялық ұтқырлық бойынша отандық және шетелдік бакалавр, магистрант, докторанттар үшін білім беру және ғылыми-зерттеу тағылымдамаларынан өту.
Нурсулу Жамалбековна Шаймерденова – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түркология және алтаистика ғылыми-зерттеу институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Егоров Николай Иванович – бас ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының докторы, профессор
Сағидолда Гүлгейша – аға ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының докторы, профессор
Ескеева Мағрипа Қайнарбайқызы – аға ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры
Бүркітбаева Шынарай Дубировна – аға ғылыми қызметкер
Кудьярова Шолпан Таубайқызы – аға ғылыми қызметкер
Исмаилова Шолпан Аймұрзайқызы – аға ғылыми қызметкер
Қанаева Дина Ержанқызы – жетекші маман