Farabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы

Әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы (ӘЗжӘИО) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша құрылды және 2010 жылдың 24 желтоқсанынан бастап философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының базасында жұмыс атқаруда. Орталық заманауи білім беру мәселелерін зерделеуге және университеттің білім беру, әлеуметтік және ғылыми-зерттеу қызметін әлеуметтанулық сүйемелдеуге маманданған жетекші қазақстандық зерттеу институты болып табылады. ӘЗжӘИО орталығы жүзеге асыратын зерттеулер кешенді және көп қырлы сипатқа ие және әлеуметтік даму мен қоғамдық пікірдің жай-күйі мен динамикасы туралы ақпарат алуға, талдауға және таратуға бағытталған.

Орталық жетекшісі - әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Абдирайымова Г.С.